Құрметті төлебиліктер!
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
16 желтоқсан – халқымыздың сан ғасырлық арманы орындалып, егемен ел атанған тарихи күн. Тәуелсіздік – ең қастерлі құндылық, ұлттық бірлігіміз бен берекеміздің, тұрақтылық пен өсіп-өркендеуіміздің негізгі тірегі.
Тәуелсіздік жылдарында еліміз үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан бүгінде халықаралық аренада абыройы жоғары, стратегиялық бағыты айқын, дамуға бет алған қуатты мемлекет ретінде танылып отыр. Бұл табыстар – барша халқымыздың ортақ еңбегінің нәтижесі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Тәуелсіздіктен биік ешнәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау – әр азаматтың қасиетті парызы».
Қымбатты жерлестер!
Біздің міндетіміз – елдің тыныштығын, бірлігін сақтау, туған өлкеміздің өркендеуіне үлес қосу. Төлеби ауданы да мемлекетіміздің даму қарқынына үн қосып, әлеуметтік-экономикалық салаларда тұрақты түрде алға қадам басуда. Бұл – сіздердің бірлескен еңбектеріңіздің нәтижесі.
Осы мерекелі күнде әр шаңыраққа татулық, амандық, бақ-береке тілеймін!
Еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Аудан әкімі Е.Әлімқұлов.


http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf