Аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектепте «Отбасындағы әкенің рөлі және заманауи тәрбие» атты аудандық семинар өтті. Іс-шараға аудандық ақсақалдар кеңесі, аудандық әкелер мектебі, ауыл билері, полиция бөлімінің қызметкерлері және ауданға үлгі болар белсенді әкелер қатысты. Сонымен қатар семинарға 200-ден аса мектеп оқушыларының әкелері жиналды.
Жиынның басты мақсаты – отбасындағы әкенің тәрбиелік жауапкершілігін күшейту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында тәжірибе алмасу.
Семинар барысында қатысушылар үшін бірқатар мазмұнды шаралар ұйымдастырылды: отбасындағы әке ықпалына арналған тренингтер; қауіпсіз тәрбие бойынша пікірталас; ашық диалог пен тәжірибе алмасу алаңы.
Жиын соңында үлгілі әкелік өнегесімен көзге түскен, балалары оқу үлгерімімен ерекшеленген әкелерге мектептің атынан Алғыс хаттар табысталды. Ал спорттық жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен оқушылар аудандық полиция бөлімінің арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды. Оларды полиция бөлімінің басшысы Ғ.Қуашбаев табыс етті.
«Балаға қауіпсіз, мейірімді орта қалыптастыру – бәріміздің ортақ міндетіміз», – дейді ұйымдастырушылар.
«Төлеби-ақпарат».


http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf