tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Мейірім мен қамқорлық күні

5 декабря, 2025
0
Мейірім мен қамқорлық күні

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев және Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілерін қуанышқа бөлеген қайырымдылық іс-шара ұйымдастырды. Игі бастама аясында балалар Шымкент қаласына танымдық әрі көңілді сапарға шығып қайтты.

Таңғы уақытта 53 бала және олармен бірге жүрген 7 тәрбиеші екі автобуспен жолға шықты. Шымкентке жеткен соң оларды департамент пен аудан әкімдігі қызметкерлері күтіп алып, қуанышты күннің басталуына себеп болды. Балаларға жаңа әсер сыйлау, белсенді демалыс ұйымдастыру және әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсету – шараның басты мақсаты болды.

Алғашқы аялдама – «Shymkent City Mall» ойын-сауық орталығы. Мұнда балалар жас ерекшеліктеріне қарай мультфильмдер мен көркем фильмдер тамашалап, ерекше әсерге бөленді. Одан кейін бүлдіршіндер қалалық мұражайға барып, тарихи-мәдени дүниетанымын кеңейтті.

Түскі ас «Жеті тандыр» дәмханасында ұйым-дастырылып, балаларға арнайы мәзір ұсынылды. Келесі кезең – «Dur Plaza» ойын алаңы. Мұнда балалар еркін ойнап, шаттыққа толы сәттерге куә болды.

Ересек жастағылар тобы «Жайлаукөл» саябағында аттракциондар мен картингтің қызығын көрсе, қыз балаларға арналған сұлулық салоны олардың шаттығын еселей түсті.

Сонымен қатар, балалардың қысқы маусымға дайындығы назардан тыс қалмай, әр тәрбиеленушіге жылы киім-кешек табысталды. Бұл сыйлық олардың қуанышын одан әрі арттырды.

Күн соңында балалар ұйымдастырушылармен бірге естелік суретке түсіп, алған әсерлерін бөлісті.

Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Төлеби ауданы әкімдігінің қолдауымен өткен бұл игі іс-шара балаларға тек бір күндік қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың өздеріне деген сенімін нығайтып, болашаққа үмітпен қарауына әсер етті.

ShareTweetPin
Next Post

Ішімдіксіз ауыл – салауатты қоғам

Отбасындағы әкенің рөлі талқыланды

Отбасындағы әкенің рөлі талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті