ҚХА-ның 30 жылдығына орай Төлеби аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Жамол Кадировтың бастамасымен аудандық білім бөліміне қарасты Тағайна жалпы білім беретін мектебінде жеткіншектер арасында ұлттық спорт түрлерінен спорттық сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысқан жасөспірімдер гір тасын көтеру, арқан тартыс, қол күрес және асық ату сынды ұлттық ойындар бойынша өз бақтарын сынады.
Жарыстың басты мақсаты – этнос өкілдері арасында ұлттық ойындарды кеңінен насихаттау, мәдениетаралық бірлікті нығайту, жастарды салауатты өмір салтына баулу және достық қарым-қатынасты нығайту болды. Сондай-ақ іс-шара жасөспірімдерге өз күш-қайратын шыңдаумен қатар, бір-бірімен еркін араласып, ортақ құндылықтарды қадірлеуге мүмкіндік берді.
Сайыс нәтижесінде үздік көрсеткіштерге қол жеткізген қатысушылар аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің Алғыс хаттарымен марапатталып, оларды бірлестік төрағасы Жамол Кадиров табыс етті.


http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf