Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдуәлиевтің 2025 жылғы 1 желтоқсандағы №436 ж/қ бұйрығымен ӘБЕНОВ Қабылет Бақтыбайұлы 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап «Ленгір қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіп-орнының басшысы лауазымына тағайын- далды.
Әбенов Қабылет Бақтыбайұлы 1981 жылғы 3 қарашада Шымкент қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын педиатрия мамандығы бойынша бітірген. 2004-2005 жылдар аралығында аталған медакадемияда балалар хирургі мамандығы бойынша интернатурадан өткен.
Еңбек жолын 2005 жылы Шымкент қаласындағы медициналық жедел жәрдем көрсету станциясында линиялық бригада дәрігері қызметінен бастаған. 2006-2021 жылдар аралығында облыстық наркологиялық орталықта психиатр (нарколог) дәрігері, 2-стационарлық бөлімшенің меңгерушісі, 8-стационарлық бөлімшенің меңгерушісі, диспансер бөлімшесінің меңгерушісі, 10-стационарлық бөлімшенің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2021-2022 жылдар аралығында ТО ДСБ «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК Түркістан қаласындағы медициналық куәландыру кабинетінің психиатр (нарколог) дәрігері, 2022-2025 жылдар аралығында орталық басшысының медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.



http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf