tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Сауапты іс жалғасын табуда

14 ноября, 2025
0
Сауапты іс жалғасын табуда

Газетіміздің оқырмандары ауданымызда «Умраға жолдама» атты игі бастама жүзеге асырылып жатқанынан хабардар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы, Төлеби ауданының бас имамы Үсен Саурбаевтың бастамасымен дін саласы қызметкерлерін ынталандыру әрі рухани қолдау мақсатында Умра кіші қажылығына жолдама табыстау жобасы әлі де жалғасып келеді.

Бұл игі шараның ерекшелігі – жомарт азаматтардың демеушілігімен жүзеге асатынында. Осындай ізгі амалдың нәтижесінде кезекті жолдама орталық «Нұр» мешітінің тазалықшысы Хансұлу Әуесханқызына бұйырды. Ол бүгінде Умра сапарына аттанып, қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларында кіші қажылығын өтеп жүр.

Қарапайым еңбек адамының қасиетті мекенге аттануы – рухани бауырмалдық пен адамгершіліктің айқын көрінісі. Бұл жоба тек бір адамның қажылығымен шектелмей, қоғамда мейірім мен сауапқа деген ұмтылысты күшейтуді, дін қызметкерлерінің еңбегін бағалауды мақсат етеді.

Бас имам Үсен Саурбаев атап өткендей, мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, көптеген мұсылман жандардың арманына жол ашпақ.

– Алла Тағала баршамызды қайырлы істердің себепкері етіп, екі дүниеде абырой мен береке нәсіп етсін! – деген ақ тілекпен жоба қатысушылары бір-біріне ізгі ниет білдірді.

Жомарттық пен ізгі амалдың осындай жарқын үлгілері қоғамда рухани жаңғырудың, адамдықтың және мейірімнің орнауына сеп болары сөзсіз.

ShareTweetPin
Next Post
Төлебилік  спортшы – Токио сурдолимпиадасының  чемпионы

Төлебилік спортшы – Токио сурдолимпиадасының чемпионы

Рухани тәрбиеге арналған жарыс

Рухани тәрбиеге арналған жарыс

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті