tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Ел игілігіне – жаңа асхана

14 ноября, 2025
0
Ел игілігіне – жаңа асхана

Аққұм ауылдық округінің құрамындағы Жаңаұйым елді мекенінде ауыл тұрғындары үшін маңызды нысан – 350 орындық жаңа асхана пайдалануға берілді. ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкілдігіне қарасты Жаңаұйым мешітінің жанынан ашылған бұл нысан Мекенбай Сүйінбекұлының демеушілігімен, ауыл имамы Азамат Жанатұлының бастамасы және ауыл азаматтарының қолдауымен жүзеге асты.

Игі шара Құран оқумен басталып, жиында ауданның бас имамы Үсен Саурбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы сөз сөйлеп, асхананың ауыл өмірі үшін маңызын атап өтті. Сондай-ақ атсалысқан азаматтарға облыстың бас имамы Ержан қажы Сматұлы атынан Алғыс хаттар табысталды.

Жиында Жаңаұйымнан шыққан танымал тұлғалар, спорт және өнер өкілдері өз тілектерін жеткізді. Ауыл тұрғындары елге жаңаша үлгідегі асхана сыйлаған Мекенбай Сүйінбекұлына құрмет көрсетіп, ат мінгізіп, шапан жапты.

Жергілікті халықтың бірлігі мен жомарттығын айқын көрсеткен бұл бастама ел игілігіне қызмет ететін маңызды әлеуметтік нысан ретінде бағаланды.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post
Сауапты іс жалғасын табуда

Сауапты іс жалғасын табуда

Төлебилік  спортшы – Токио сурдолимпиадасының  чемпионы

Төлебилік спортшы – Токио сурдолимпиадасының чемпионы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті