tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Кітапханашылар мерекесін атап өтті

10 ноября, 2025
0
Кітапханашылар мерекесін атап өтті

Халқымызда «Кітап – білім бұлағы» деген жақсы сөз бар. Ал кітапханашы оқырман қауымға білімнің, мәдениеттің, рухани байлықтың есігін айқара ашады. Бұл мамандықтың иелері оқырманын кітап оқу арқылы өз бетімен ізденуге, өзіндік ой-пікірлерін қалыптастыруға жетелейді. Аудан кітапханашылары жыл бойына өз оқырмандарының басын қосып, көптеген мәдени-көпшілік шаралар, кездесулер өткізіп келеді.

Аудандық мәдениет үйінде  аудан кітапханашылары кәсіптік мерекелерін салтанатты жағдайда атап өтті.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әуесбек Әсілбек кітапханашыларды мерекесімен құттықтап, республикалық, облыстық дәрежедегі марапаттар, аудан әкімінің Алғыс хатын тапсырды. Аудандық мәслихаттың Алғыс хатын аудандық мәслихаттың депутаты Сәкен Мәженов табыстады.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Светлана Викторовна Шишкина «Жыл үздігі», «Ең үздік оқырман» атанған кітапханашы мен оқырмандарға Алғыс хаттар мен ақша- лай сыйлық табыс етті.

Аудан кітапханашылары сахнада көркем шығармалар кейіпкерлерін сомдап, ән салып, мереке шырайын келтіре түсті. Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері кітапханашыларға ән шырқап, өз өнерлерін тарту етті.

 

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post
«Ақбота–2025»

«Ақбота–2025»

«Көшпенділер ойыны» – өңірдің айшықты бренді

«Көшпенділер ойыны» – өңірдің айшықты бренді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті