Қаламыздың көркін ашып, тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы демалыс орнын қалыптастыру мақсатында орталық алаңда бірқатар абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Заманауи әрі ыңғайлы орындықтар орнатылып, айналасын ерекше ажарландыра түскен «Ленгір – құт мекенім» атты жарқыраған жазу тұрғындардың көзайымына айналды.
Бұл бастама – туған жерге деген сүйіспеншіліктің, елжандылық пен бірліктің көрінісі. Көркі келіскен жаңа алаң бүгінде қала тұрғындарының серуендеп, демалатын сүйікті орындарының біріне айналуда.
Сонымен қатар, қала көшелерінде де абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Жуырда Әйтеке би көшесінде сапалы әрі заманауи шарбақтар орнатылып, қаланың келбетін аша түсті.
Мұндай игі істер Ленгірдің сәнін кіргізіп қана қоймай, қоғамдық тәртіп пен тазалық мәдениетін арттыруға да зор үлес қосуда.
Аудан орталығы болғандықтан, Ленгір қаласында абаттандыру және көркейту жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Бұл – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған нақты әрі нәтижелі қадамдардың бірі.



