Ленгір қалалық ауруханасының ұжымы тұрғындарға таза және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету мақсатында әр жұма сайын тұрақты түрде сенбілік жұмыстарын ұйымдастырып келеді. Бұл бастама – ұжымның жауапкершілігін, ұйымшылдығын және бірлесіп жұмыс істеу мәдениетін көрсетеді.
Сенбілік барысында аурухана аумағы, жұмыс бөлмелері мен жалпы қызмет көрсетілетін орындар толық тазаланып, санитарлық талаптар қатаң сақталады. Мұндай жүйелі жұмыс аурухана қызметкерлерінің ғана емес, келуші науқастар мен тұрғындардың да денсаулығы мен жайлы өмір сүруіне оң әсерін тигізіп отыр.
Осылайша Ленгір қалалық ауруханасының ұжымы өз тәжірибесін ұдайы жетілдіре отырып, қоғамдағы тазалық пен тәртіпті сақтау мәдениетіне, «Таза Қазақстан» акциясына өз үлесін қосып келеді.
«Төлеби-ақпарат».


