tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Республикалық «Махамбет оқуларынан» жүлдемен!

17 октября, 2025
0
Республикалық «Махамбет оқуларынан» жүлдемен!

Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Махамбет оқулары» байқауы – жас ұрпақтың рухани-мәдени дүниетанымын кеңейтуді, Махамбет Өтемісұлының отты жырларын насихаттап, өлең сөздің құдіретін сезінуге баулуды мақсат еткен ауқымды шара.

Осы байқауда «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» бағыты бойынша сынға түскен Әңгірата жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Исахан Балнұр жүзден жүйрік шығып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Бұл жеңіс – тек Балнұрдың ғана емес, ауданымыздың да абыройын өсірген үлкен жетістік.

Байқауға қатысушылар Махамбет жырларын мәнерлеп оқу, ақынның ерлік рухын жеткізу, поэзиядағы отансүйгіштік пен батырлықты көркем тілмен сипаттау сияқты талаптар бойынша сынға түсті. Балнұрдың орындауында ақын жырларындағы жалын мен жігер, елге, жерге деген махаббат пен азаттық рухы ерекше әсермен көрініс тапты.

Оқушыны байқауға дайындаған – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білікті маманы, өз ісінің шебері Тулеметова Қарашаш. Ұстаз бен шәкірт арасындағы үйлесімді шығармашылық, тынымсыз еңбек пен ортақ мақсат – осындай жемісті нәтижеге жеткізді.

Ақынның өр рухын, елдік пен ерлік туралы терең ойларын көркем жеткізе білген жас дарын  бүгінгі өскелең ұрпақтың ішіндегі шоқтығы биік тұлға екенін дәлелдеді. Оның бұл жеңісі – талант пен табандылықтың, шабыт пен шынайы ізденістің жемісі.

Балнұрдың бұл жетістігі – Әңгірата мектебінің ұстаздары мен оқушылары үшін зор қуаныш. Бұл – ауыл мектебінің де республикалық деңгейде үздіктер қатарынан көріне алатынының айқын дәлелі.

Білім мен тәрбие қатар берілген ортада шәкірттердің осындай жетістіктерге жиі жететіні сөзсіз. Жас дарын мен оның жетекшісін және барша мектеп ұжымын шын жүректен құттықтаймыз! Алда алар асуларыңыз, бағындырар биіктеріңіз көп болсын!

А.ӘЛИАСҚАР.

ShareTweetPin
Next Post
Халықаралық  аренада қанжығасы  майланды

Халықаралық аренада қанжығасы майланды

Ірі кәсіпорынмен әріптестікті нығайтты

Ірі кәсіпорынмен әріптестікті нығайтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті