tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Насихаттық топпен кездесті

10 октября, 2025
0
Насихаттық  топпен  кездесті

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» жобасын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облыстық прокуратурасы мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының аудан, қалаларда ақпараттық-насихаттық кездесулері жалғасуда.

Ақпараттық-насихаттық топтың құрамында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, сондай-ақ аудан, қала прокурорлары мен аудандық білім бөлімінің басшылары бар.

Апта басында ақпараттық-насихаттық топ өкілдері аудан тұрғындарымен және жастармен кездесу өткізді.

Жиын барысында тұрғындар мен жастарға «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» жобасын жүзеге асыру жолдары, олардың маңыздылығы және нақты тәжірибелері таныстырылды.

Кездесудің басты тақырыптары жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, патриоттық тәрбие беру, азаматтық жауапкершілікті нығайту және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларды түсіндіру болды.

Жиын барысында сөз алған Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов қоғамдағы заң мен тәртіптің маңыздылығына ерекше тоқталды: «Қоғамдағы тұрақтылық пен заң үстемдігін қамтамасыз ету — әрбір азаматтың ортақ міндеті. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы әділдік пен құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған. Ал «Адал азамат» жобасы — еліміздің келешегі саналатын жастар арасында парасаттылық пен отансүйгіштік қасиеттерді тәрбиелеуге үлкен үлес қосатын бастама».

Сонымен қатар, Төлеби аудандық прокуратурасының прокуроры Алмас Абдраманов жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаса, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Бақытғали Жақыпов білім беру жүйесіндегі әділдік пен адалдық құндылықтарының рөліне тоқталды.

Жиынды қорытындылаған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева жастарды ел болашағы үшін жауапты, парасатты және адал азамат ретінде қалыптасуға шақырды.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.

Айта кетейік, ақпараттық-насихаттық топ кездесулері 16 қазанға дейін облыстың барлық аудан, қалаларында жалғасатын болады.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post
Республикалық «Махамбет оқуларынан» жүлдемен!

Республикалық «Махамбет оқуларынан» жүлдемен!

Халықаралық  аренада қанжығасы  майланды

Халықаралық аренада қанжығасы майланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті