tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

МЫҢНАН БІР МАМАНДЫҚ – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ!

10 октября, 2025
0
МЫҢНАН БІР МАМАНДЫҚ – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ!

Төлеби ауданында 29 қыркүйек пен 10 қазан аралығында педагог-кәсіби бағдар берушілерге арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Сұлтанрабат жалпы білім беретін мектебі базасында ұйымдастырылған бұл курс «Білім алушыны кәсіби бағдарлаудағы мектептің іс-әрекеті» тақырыбында өткізілді. Курстың негізгі мақсаты – мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ заманауи әдіс-тәсілдер мен технологияларды тиімді қолдана отырып, оқушыларға сапалы кәсіби бағдар беру жүйесін қалыптастыру.

Курстың негізгі міндеттері мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, соның ішінде еңбек нарығын талдау және кадрларға деген сұранысты анықтау дағдыларын дамыту, оқушылардың қызығушылығы, бейімділігі мен қабілеті негізінде кәсіби таңдау жасауына бағыт-бағдар беру, мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы арқылы оқушының жеке даму траекториясын құру, заманауи цифрлық құралдар мен платформаларды пайдалана отырып, кәсіптік бағдарлау жұмысының тиімділігін арттыру.

Курс тренері – тәжірибелі педагог, білім беру саласының білікті маманы Қабылбаева Роза Пайзуллаевна. Ол тыңдаушыларға кәсіби бағдар берудің заманауи әдістемесін ұсынып, нақты мысалдар мен тәжірибелік тапсырмалар арқылы білімдерін тереңдетіп келеді.

Курс мазмұны аясында педагогтер бағдарлама барысында түрлі мамандықтар әлемімен танысып, оқушыларға кәсіби бағыт берудің әдістемелік жолдарын меңгеріп, тұлғалық қасиеттер мен қабілеттерді анықтауға арналған практикалық құралдармен жұмыс істеуді үйренуде.

Сонымен қатар, курста еңбек нарығындағы жаңа тенденциялар, сұранысқа ие мамандықтар, болашақ мамандарға қойылатын талаптар, дуальді оқыту мен кәсіптік тәжірибенің рөлі туралы өзекті ақпараттар қамтылған.

Курс барысында тыңдаушылар мамандық таңдаудың психологиялық және әлеуметтік қырларын түсінуге, оқушылардың кәсіби өсу жолын жоспарлауға көмектесуге, әр оқушының мүмкіндігіне қарай жеке бағыт ұсынуға машықтанды. Нәтижесінде қатысушылар кәсіби бағдар беру саласындағы заманауи әдіснаманы меңгеріп, оны оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы оқушыларға болашақ мамандығын саналы таңдауға көмектеседі.

Тренер Роза Пайзуллақызының айтуынша, «Кәсіби бағдар – оқушының болашағын айқындайтын маңызды бағыт. Мектеп осы жолда сенімді серік болуға тиіс».

Курс соңында тыңдаушыларға кәсіби біліктілігін арттырғаны жөнінде құжат – сертификат берілді.

С.МЫРЗАХМЕТОВА,
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінің
педагог-кәсіби бағдар берушісі.

ShareTweetPin
Next Post
Насихаттық  топпен  кездесті

Насихаттық топпен кездесті

Республикалық «Махамбет оқуларынан» жүлдемен!

Республикалық «Махамбет оқуларынан» жүлдемен!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті