Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 1 қазан – Халықаралық қарттар күні құрметіне ардагер қариялар арасында спорттың бильярд және шахмат түрінен аудандық біріншілік өтті.
Жарысқа Ленгір қаласы мен ауылдық округтерден барлығы 60-тан астам ардагер спортшы қатысты. Жарыс арнайы бекітілген ереже бойынша өтіп, 63-73 және 73 жастан асқан қариялар өзара бақ сынасты.
Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қарияларды Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, жарыс жүлдегерлері мен жеңімпаздарын марапаттады.
Үздік ойын өрнегін көрсеткен 91 жастағы Құрбан Нұрымбетовтен бастап барлық қарт спортшыларға Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар тапсырылып, лайықты құрмет көрсетілді, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары сахна төрінде би билеп, әннен шашу шашты.
Қ.ӘЛТЕЕВ.
Ленгір қаласы.




