tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Кәсіптік мерекелерге орай

Ұлағатты ұстаз – Нағима Мұсаханқызы

3 октября, 2025
0
Ұлағатты ұстаз – Нағима Мұсаханқызы

Ұстаз – ұлт болашағының сәулетшісі. Ол білім мен ғылымды насихаттап қана қоймай, адам жанына ізгілік дәнін сеуіп, шәкіртін өмірдің биік асуларын бағындыруға жетелейтін дара тұлға. Осындай абзал жанның бірі – жас ұрпақ тәрбиесіне ұзақ жылдар бойы қалтқысыз қызмет еткен Сейтбекова Нағима Мұсаханқызы.

1957 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген Нағима Мұсаханқызының балалық шағы білімге деген құштарлықпен өрілді. К.Куйбышев атындағы орта мектепті үздік тәмамдап, жас күнінен-ақ ұстаз болуды армандады. Бұл арман оны Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтына жетелеп, 1979 жылы тарих-педагогика факультетін қызыл дипломмен аяқтады. Кейін Шымкент педагогикалық университетінде география мамандығын меңгеріп, қос дипломды білікті педагог атанды.

Нағима Мұсаханқызы еңбек жолын ауыл мектебінде бастап, бүкіл ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнады. Әр сабағын мұқият жоспарлап, әр оқушының жүрегіне жол таба білді. Оның сабағы тек география немесе тарих пәнімен шектелмей, елін сүюге, туған жерін қадірлеуге, адамгершілік пен рухани құндылықтарды бойға сіңіруге бағытталған өнегелі сабақтарға айналды.

Шәкірттері облыстық, республикалық пән олимпиадаларында топ жарып, ұстаз еңбегін абыроймен ақтады. «Ұстаздан шәкірт озар» демекші, бүгінде Нағима Мұсаханқызының тәрбиесін көрген түлектері еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы қызмет атқарып жүр.

Білікті педагог болумен қатар, Нағима апай қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Бастауыш партия ұйымының хатшысы, мектеп кәсіподақ ұйымының төрайымы, аудандық олимпиадалардың қазылар алқасының мүшесі ретінде әріптестерінің зор құрметіне бөленді. Еңбекқорлығы мен ұйымдастырушылық қабілеті ұжымның мерейін арттырып, үлкен беделге ие етті.

Еткен еңбегі елеусіз қалған жоқ. Нағима Мұсаханқызы «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» мерекелік медалімен, «Білім беру ісінің үздігі» және «Білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталды. Сонымен қатар, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы, аудандық және ауыл әкімдерінің, білім бөлімінің, мектеп әкімшілігінің Алғыс хаттарын иеленді. Бұл марапаттар – ұстаздық жолдағы табанды еңбегі мен адалдығының айғағы.

Зейнет демалысына шықса да, Нағима апай мектеппен байланысын үзген жоқ. Ол әрбір іс-шараға белсене қатысып, жас мұғалімдерге бағыт-бағдар беріп, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп келеді. Бүгінде төрт ұл мен бір қыз тәрбиелеп, 25 немеренің сүйікті әжесіне айналған Нағима Мұсаханқызы – ұрпаққа үлгі, елге мақтаныш.

Ұстаздық – ұлы мамандық. Осы жолға бар саналы ғұмырын арнаған Нағима Мұсаханқызы – өскелең ұрпаққа үлгі боларлық ардақты жан. Оның өнегелі өмірі мен еселі еңбегі – болашақ буынға жол сілтер шамшырақ.

Еліне еңбегі сіңген ұлағатты ұстазға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын тілейміз!

Аудандық білім бөлімі және Қаратөбе жалпы білім
беретін мектебінің тарих-география пәні мұғалімдері.

ShareTweetPin
Next Post
Ардагер спортшылар құрметке бөленді

Ардагер спортшылар құрметке бөленді

Республикалық форум – Төлебиде

Республикалық форум – Төлебиде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті