tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Бәрекелді!

Жеңіспен оралды

3 октября, 2025
0

Халық рухын жырға қосқан дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлының шығармаларын насихаттау, оның өр рухын өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылған облыстық «Махамбет оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті.

Аталған байқауда ауданымыздың жас өрендері озық өнер көрсетіп, жүлделі орындармен оралды. Олар поэзия, күй өнері және ғылыми жұмыс бағыттарында бақ сынап, әрқайсысы өз білімдері мен таланты арқылы қазылар алқасының жоғары бағасын алды.

«Шашақты найза, шалқар күй» – Махамбет күйлерін орындаушылар бағыты бойынша Бірінші Мамыр жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Нұрмахан Мұстафа ІІ орынды иеленді (жетекшісі Жолдасова Гүлмира).

«Тартынбай сөйлер асылмын» – Жас ақындардың өз туындылары бағыты бойынша М.Х.Дулати атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Сәрсен Меруерт ІІІ орынға ие болды (жетекшісі Қамытбекова Кәмшат).

«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» – «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыптарының бірін ғылыми тұрғыда қорғау бағыты бойынша Әңгірата жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Исахан Балнұр І орынға лайық деп танылып, республикалық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаз шәкірттің жетекшісі Төлеметова Қарашаш.

Бұл жеңіс – шәкірттеріміздің талпынысы мен ұстаздардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Жеңімпаздарды және оларды дайындаған ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!

Республикалық кезеңде бақ сынайтын Исахан Балнұрға сәттілік серік болсын деп тілейміз!

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post
Ұлағатты ұстаз – Нағима Мұсаханқызы

Ұлағатты ұстаз – Нағима Мұсаханқызы

Ардагер спортшылар құрметке бөленді

Ардагер спортшылар құрметке бөленді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті