tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Ардагер ұстаздарға айрықша құрмет көрсетілді

3 октября, 2025
0
Ардагер ұстаздарға айрықша құрмет көрсетілді

Аудандық білім бөлімі тарапынан Ұстаздар күні мерекесіне орай арнайы онкүндік іс-шаралар жоспары құрылып, онкүндік шеңберінде қала және аудан мектептерінде түрлі мазмұндағы танымдық, тәрбиелік мәні зор шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, пән бірлестіктерінің бастамасымен өткізілген бұл іс-шаралар барысында ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, олардың еңбектері ұлықталды.

Ардагерлерге концерттік бағдарламалар қойып, өнерлерін паш етті. Мектеп ұжымдары ардагерлердің еңбектегі жолын, жетістіктерін ерекше ықыласпен еске алып, кейінгі жас ұстаздарға үлгі ретінде көрсетті.

Салтанатты шара барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Тойлыбаев Бекайдар Адамбекұлының мерекелік құттықтауы барша ұстаздарға жеткізіліп, ардагерлерге гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталды. Бұл – ұрпақтар сабақтастығын, ұстаз мәртебесінің әрдайым биік тұратынын көрсететін игі бастамалардың бірі болды.

Мерекелік кездесулер барысында ардагер ұстаздар да сөз алып, осындай құрметке ризашылықтарын білдіріп, бүгінгі буынға ізгі тілектерін арнады. Олар білім бөлімінің басшылығына, қызметкерлеріне, мектеп ұжымдарына алғыстарын айтып, ұстаз болудың қадірі мен жауапкершілігі туралы жүрекжарды лебіздерін ортаға салды.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post

Жеңіспен оралды

Ұлағатты ұстаз – Нағима Мұсаханқызы

Ұлағатты ұстаз – Нағима Мұсаханқызы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті