tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Чемпион ұлдарға – құрмет пен қошемет көрсетті

26 сентября, 2025
0
Чемпион ұлдарға – құрмет пен қошемет көрсетті

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бокстан Әлем және Азия чемпиондарымен кездесті. Жеңіс рухы мен шабытқа толы бұл басқосу барысында спортшылар чемпионаттағы әсерлерімен бөлісіп, жетістікке жету жолындағы еңбектері жайлы әңгімеледі. Өз кезегінде қала басшысы олардың жеңістері тек Шымкенттің ғана емес, бүкіл Қазақстанның абыройын асқақтатқанын ерекше атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 4–14 қыркүйегі аралығында Ливерпуль қаласында өткен бокстан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бұрын-соңды болмаған тарихи жетістікке қол жеткізді – 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншілеп, ел мерейін үстем етті. Бұл – қазақстандық бокстың жаңа белесі.

Осы дүбірлі додада ерекше көзге түскен – ағайынды Сабырхандар. Махмұд Сабырхан (55 кг) әлем чемпионы атағын екінші рет иеленсе, оның інісі, небәрі 19 жастағы Төрехан Сабырхан (70 кг) тұңғыш рет халықаралық аренада топ жарып, чемпион атанды. Бұл – ерік-жігердің, табандылық пен тынымсыз еңбектің нәтижесі.

Ағайынды чемиондардың ерлігін ескерген Шымкент қаласының әкімдігі мен демеушілер қос чемпионға да пәтер мен су жаңа Toyota Camry 80 маркалы автокөлік сыйлады. Сондай-ақ олардың жеке жаттықтырушысы Ілияс Оралбековке де баспана сыйға тартылды. Әлемдік додада әнұранымызды әуелеткен намысты ұлдардың әкесі Айдархан Сабырханұлына Changan ХМ автокөлігі, анасы Меңтайға 100 мың доллар тарту етілді.

Бұл марапаттар – спортшылардың маңдай терімен келген жеңістеріне деген шынайы алғыс пен жоғары құрметтің айғағы. Мұндай қолдау – спортқа жаңа келген жастар үшін өте маңызды мотивация. Олар жеңіске жеткен чемпиондарға қарап, биікке талпынады, еңбектің еш кетпейтініне сеніммен қарайды. Бұндай қошемет жаттықтырушы үшін де, спортшы үшін де үлкен шабыт сыйлайтыны сөзсіз.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post
Ардагер ұстаздарға айрықша құрмет көрсетілді

Ардагер ұстаздарға айрықша құрмет көрсетілді

Жеңіспен оралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті