tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Сүйінші!

Ағайынды боксшыларымыз әлемді мойындатты!

19 сентября, 2025
0
Ағайынды боксшыларымыз әлемді мойындатты!

Англияның Ливерпуль қаласында бокстан 4-14 қыркүйекте өткен әлем чемпионатында Сабырхандар отбасынан қос бірдей чемпионның шығуы бір әулеттің ғана емес, күллі елдің абыройын асқақтатып, мерейін өсірген, әр қазақтың төбесін көкке жеткізген зор қуаныш болды.

Бұрын ауданымыздың аумағында болған Маятас елдімекенінде туып-өсіп, Тоғыс ауылындағы Б.Момышұлы атындағы және Маятас орта мектептерінде білім алған қос спортшының бокстағы алғашқы қадамдары сол мектеп қабырғасында басталған еді. (2018 жылы Шымкенттің аумағын кеңейтіп, мегаполиске айналдыру мақсатында Маятас ауылы қала құрамына кірді).

Махмұд – Айдар мен Меңтай Асиловтар-дың отбасындағы бес ұл-қыздың үшіншісі. 2001 жылы дүниеге келген ол кішкентайынан ағасы Мырзаханға ілесіп, жаттығуға баратын. Төрехан да ағасы Махмұдтан қалмай, жаттыға жүріп, боксқа сүйіспеншілігі оянады.

Тынымсыз еңбектің, жеңіске ұмтылыс пен ерік-жігердің арқасында Махмұд Сабырхан 2021 жылғы AIBA әлем чемпионатында күміс медаль иеленсе, 2023 жылы дәстүрлі чемпионатта алтын медаль жеңіп алып, – /54 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды және 2024 жылғы Азия чемпионатында да алтыннан алқа тағып, ел үмітін ақтады.

Ал, небәрі 19 жастағы Төрехан Сабырхан кеше ғана дебюттік әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына бесінші алтынды салды. Ол жастар мен жасөспірімдер ара-сындағы Азия чемпионаттарында бірнеше дүркін жеңімпаз болған, 2024 жылы жастар арасындағы Азия біріншілігінде төртінші рет чемпион атанып, ел тарихында жаңа рекордтардың біріне қол жеткізген еді.

Қос чемпионды мектеп қабырғасынан спортқа баулып, жаттықтырып келе жатқан бапкері – Ільяс Оралбеков. Боксшылардың анасы Меңтай Асилова балалары білім алған білім ордасында мейірбике болып жұмыс істейді. Ол бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында: «Махмұд 5-сыныптан бастап жаттығуға баруды жиілетті. Мектептегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ільяс Оралбеков боксқа қызығатын балалардың басын құрап, тарих пәні кабинетін директордан сұрап жүріп, бокс залына айналдырды. «Тарих кабинетінен басталған бокс» деген сөз осыдан шыққан. Жаттықтырушылары Ілияс Оралбеков өзі қайда жүрсе, ұлдарымды сонда жаттықтырды. Балаларымның әлемдік додада биік белесті бағындыруы – осы Ілияс тәлімгерлерінің еңбегінің нәтижесі» дейді.

Былғары қолғап шеберлерінің спортқа қызығушылығы әкелерінен берілсе керек. Айдар Асилов кезінде қазақ күресімен айналысқан, спортты жанына серік еткен азаматтардың бірі екен. Ол бұрынырақ ұжымшарда еңбек еткен.

Әлем чемпионатындағы ағайындылардың ойынын маятастықтар ауылдағы спорт алаңшасына қойылған LED экраннан тамашалады. Боксшылардың ата-анасы тайлы-тұяғымен 300-ге тарта жанкүйер жиналған алаңға бармай, тақымдарын қысып, дұға жасап, үйлерінде болыпты. Бұл да олардың мақтаннан, кеудемсоқтықтан ада, қарапайым екендіктерін танытса керек.

Алтын ұлдар мен олардың бапкерлерінің ендігі мақсаты – халықаралық жарыстарда, олимпиадаларда Қазақстанның туын желбіретіп, әнұранды әуелету, әлемдік чемпионаттағы жеңісті қайталау.

Чемпион бауырлардың жеңісі – еңбек пен ерік-жігердің, отбасы қолдауының, алғашқы жаттықтырушы ықпалының, әлемдік деңгейге шығудың үлгісі. Бұл жеңіс – қазақстандық боксшыларға ғана емес, барлық жас өрендер үшін жігерін жанып, жеңіске жетелейтін шабыттың көзі. Сабырхандардың елдің абыройын асқақтатып, көк туымызды жаһан ареналарында желбірететініне сеніміміз мол.

Айта кетейік, Қазақстан боксшылары Англияның Ливерпуль қаласында жаңа халықаралық ұйым World Boxing аясында ұйымдастырылған алғашқы әлем чемпионатында 10 медаль алып, көш бастады. Чемпионатта Қазақстан қоржынына жеті алтын түсті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орынға шықты:
– Қазақстан – 7 алтын, 1 күміс, 2 қола;
– Өзбекстан – 6 алтын, 2 күміс, 3 қола;
– Үндістан – 2 алтын, 1 күміс, 1 қола;
– Бразилия – 1 алтын, 3 күміс;
– Польша – 1 алтын, 2 күміс…

Қазақстанға алғашқы алтынды 50 келіге дейінгі салмақта Санжар Ташкенбай алып берді. Одан кейін Махмұд Сабырхан (55 кг) әлем чемпионы атанса, жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды.

Спортшыларымыздың әлемдік чемпионатта жоғары нәтиже көрсетіп, бас жүлдені иеленуі ел мерейін үстем еткен, отандық спорттың дамуы мен жас буынның жеңіске деген сенімін нығайта түскен зор жетістік болды.

Ақжан ИманАлиева.
Суретте:  Алтын ұлдар – Махмұд пен Төрехан Сабырхан бапкері
Ілияс Оралбековпен бірге.

ShareTweetPin
Next Post
Жаңа техника пайдалануға берілді

Жаңа техника пайдалануға берілді

Аудан әкімі есеп берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті