tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Редакция почтасынан

Қостөбеде асфальт төселді

19 сентября, 2025
0

Биылғы жылдың маусым айында Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Қостөбе ауылының жолына асфальт төселе бастады. Ауыл биі Уәли Жұмабеков Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің қабылдауында болып, ауыл жолының әбден тозығы жеткенін айтып, мәселе көтерген болатын. Облыс басшысы Қостөбе ауылының жолына жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінгенін, таяу уақытта асфальт төселетінін айтқан еді.

Өзге елдімекендермен салыстырғанда, біздің Қостөбе ауылының тұрғындар саны аздау болғанымен, жергілікті халық талай жылдан бері жол жөндеу мәселесін көтергенімен, билік өкілдері сөзбұйдаға салып, бұл шаруа әр жылы кешеуілдей берген болатын. Сонымен екі шақырым жол кеңейтіліп, алдымен тас төселіп нығыздалып, оның үстіне екі қайтара асфальт салынды. Жолдың ені төрт жарым метр, асфальттың қалыңдығы он сантиметрден.

Ауыл жолына асфальт төсеу кезінде оның басы-қасында аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Ералиев, аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев, ауылдық округ әкімі Асқынбек Балтабаев, ауыл биі Уәли Жұмабеков, блогер Гүлманат Байзақова болып, құрылыс жұмысының сапасын қадағалады.

Қостөбеліктер жолының жөнделгеніне дән риза.

М.ЖОЛАЙҰЛЫ,
зейнеткер.

ShareTweetPin
Next Post
Ағайынды боксшыларымыз әлемді мойындатты!

Ағайынды боксшыларымыз әлемді мойындатты!

Жаңа техника пайдалануға берілді

Жаңа техника пайдалануға берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті