tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Сүйінші!

Ернұр Батырғали – әлем чемпионы

12 сентября, 2025
0
Ернұр Батырғали – әлем чемпионы

Жуырда Болгария астанасы София қаласында кадеттер арасында өткен дзюдодан Әлем чемпионатында Төлеби ауданы Жаңаұйым ауылының тумасы Ернұр Батырғали 60 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді. Ернұр Батырғали – өңір тарихында дзюдо спортынан әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы.

Ел абыройын асқақтатқан чемпионды туған жері ерекше құрметпен қарсы алды. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов бастаған көпшілік Ернұрды қошеметпен күтіп алып, салтанатты қабылдау ұйымдастырды.

– Бұл жеңіс – Сіздің табандылығыңыздың, маңдай теріңіз бен тынымсыз еңбегіңіздің жемісі. Ол – жеке жетістігіңіз ғана емес, барша еліміздің, өңіріміздің ортақ мақтанышы. Сіз елдің абыройын асқақтатып, жас ұрпаққа үлгі болып жүрген нағыз ер тұлғасыз. Алдағы спорттық жолыңызда жаңа белестерді бағындырып, көк туымызды халықаралық ареналарда желбірете беріңіз! – деді аудан басшысы өз құттықтауында.

Ұлықтау салтанатында Ернұр мен оның бапкерлеріне аудан әкімдігі, аудандық мәслихат және облыстық дзюдо федерациясы атынан Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар ауыл азаматтары чемпион мен жаттықтырушыларына тұлпар мінгізіп, баталарын берді. Жиын барысында ауызы дуалы батагөй қарияларға да құрмет көрсетіліп, шапан жабылды.

Айта кетейік, Ернұр – аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Бекзат Саттарханов атындағы Түркістан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің шәкірті. Алғаш дзюдо күресінің қыр-сырын меңгертіп спортқа баулыған ұстазы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, самбодан Әлем чемпионы Нәбиев Мәди мен бапкерлер Абу Мақсат, Құрмантай Дулаттың да еңбегі бар. «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында жаттықтыратын бапкері – Мейірлан Баймаханбетов.

Ернұр – қазіргі уақытта Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті спорт және өнер факультетінің І курс студенті.

Бұл тарихи жетістік – тек Төлеби ауданы емес, тұтас Қазақ елі үшін зор мәртебе.

 

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post
Өнерпазымыз  республикада  топ  жарды

Өнерпазымыз республикада топ жарды

Қостөбеде асфальт төселді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті