Ленгір қаласына Шымкент бағытынан кіреберістегі көлік кептелісі мәселесі ұзақ уақыттан бері тұрғындар тарапынан көтеріліп келді. Халықтың талап-тілегі назардан тыс қалмай, аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, мәселені шешу бағытында нақты жұмыстар атқарылды.
«Жарық жол» мекемесі тарапынан жол учаскесі кеңейтіліп, қосымша бағдаршам мен жол сілтегіш белгілер орнатылды. Нәтижесінде көлік қозғалысы айтарлықтай реттеліп, бұрынғыдай ұзын-сонар кептелістер орын алмайтын болды.
Бұл оң өзгеріс қала тұрғындары үшін ғана емес, Ленгірге келуші қонақтар үшін де қолайлы жағдай қалыптастырды. Жол қатынасының қауіпсіздігі мен қолжетімділігін арттыру – жергілікті билік үшін басым бағыттардың бірі. Тұрғындардың ұсыныс-тілегіне құлақ асып, нақты мәселенің шешімін табу алдағы уақытта да жалғаса береді.
«Төлеби-ақпарат».


