tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Барлық жақсылық – балаларға

Жаны жомарт, мейірімді жандар балаларды қуантты

5 сентября, 2025
0
Жаны жомарт, мейірімді жандар балаларды қуантты

Бірінші Мамыр ауылындағы балалар үйі сонау кеңестік дәуірдің отызыншы жылдарындағы «Балапан басымен, тұрымтай тұсымен» кеткен ашаршылық жылдары ашылып, сол уақыттан бері ата-анасынан айырылып жетім қалған балаларға пана, қамқор болып келеді. Дегенмен, сол қиын-қыстау жылдармен бүгінгі заманды салыстыруға келмейді. Біздің айтпағымыз, бұл балалар үйінің бір ғасырға жуық тарихы барын еске салу ғана.

Кезінде осы балалар үйінде тәрбиеленіп, есімі елге белгілі болған атпал азаматтар, олардың ұрпақтары балалар үйіне келіп, кездесулер өткізіп, қамқорлық танытып жүргендерін есітіп, куә болып та жүрміз.

Жаңа оқу жылы есік қағып тұрғанда Ленгір қалалық ауруханасының бас дәрігері Елдос Сұлтанов бастаған бірнеше ақ желеңді абзал жандар осы балалар үйінің бүлдіршіндерін қуантып қайту үшін арнайы келіп, еліміздегі «Мектепке жол» акциясына өз үлестерін қосты.

Қонақтарды осы балалар мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәкен Шатырбеков жылы жүзбен қарсы алып, балалардың жатын бөлмелерін аралатып көрсетіп, тұрмыстық жағдайларымен таныстырды.

– Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты бұл балалар үйі 10 жылдан, бері «Төлеби отбасылық үлгідегі балалар ауылы» КММ-сі деп аталады. Бүгінде ата-анасының қамқорлығынан айырылған және жетім қалған, жалпы барлығы 69 бала тәрбиеленуде. Әр ұяда 7-10 баладан бар. Сол әр ұяға екі тәрбиешіден бөлінген. Олар балаларға отбасы жағдайындағыдай қамқор болып, тәрбие береді. Балалар тәрбиешілеріне ұстаз деп емес, ана деген жылы көзқараспен қарайды. Бір ұяның тәрбиешілері тамақтарына дейін балалармен бірге қауымдасып дайындайды, үй тірлігіне баулиды. Тәрбиеленушілеріміз жазғы демалыста үш ай бойы «Төлеби нұры» балалар демалыс лагерінде тынығып, күні кеше ғана оралды.

Биыл жалпы орта мектепті бітірген бірнеше түлегіміз мемлекеттік грант иегері атанып, жоғары оқу орнының студенті атанды, – дейді С.Шатырбеков.

Бас дәрігер Е.Сұлтанов және онымен бірге барған медицина қызметкерлері бастауыш сыныпта оқитын қамкөңіл балаларға оқушы сөмкесі мен оқу құралдарын, ал балабақшаға барып жүрген бүлдіршіндерге түрлі ойыншықтар тарту етіп, қуанышқа бөледі, ескерткішке суретке түсті.

Отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиешілері балаларға қуаныш сыйлаған жаны жомарт, мейірімді, денсаулық күзетінде сапта тұрған жандарға алғыс айтып, ризалықтарын білдірді.

С.ОРЫНБАСАР.

Бірінші Мамыр ауылдық округі.

ShareTweetPin
Next Post
Кітап жаршысы

Кітап жаршысы

Жол кеңейіп, көлік  қозғалысы  реттелді

Жол кеңейіп, көлік қозғалысы реттелді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті