tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Оқулықтармен толық қамтылды

5 сентября, 2025
0

Аудандық білім бөліміне қарасты білім мекемелеріне қажетті оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендерге алдын ала тапсырыс беріліп, барлық мектептер оқулықтармен толық қамтылды. Мектеп кітапханаларында 2025-2026 оқу жылы қарсаңында оқушыларға оқулықтар тарату жұмыстары жүргізілді.

Кітапхана қызметкерлері әр сынып оқушыларына қажетті пәндік кітаптарды дайындап, тізім бойынша үлестірді. Сондай-ақ, оқушыларға кітапты күтіп ұстау мәдениеті мен оны дұрыс пайдалану жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.

2025-2026 оқу жылына қажетті оқулықтар мен ОӘК сатып алу үшін «Мектеп», «Арман ПВ», «Атамұра», «Алматыкітап», «Келешек-2030», «Көкжиек-Горизонт», «ММ Publications», «Oxford», «НИШ», «САТР», «Express Publishing» баспаларынан жалпы 71446 дана кітапқа тапсырыс берілді. Алғашқы қоңырау сыңғыр қақпастан бұрын 11 баспада жарық көрген оқулықтар тасымалданып, мектептерге таратылып, шәкірттер 100 пайыз кітаппен қамтылды.

Оқу жылы қарсаңында 4-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» (электрондық оқулық), бейнелеу өнері, еңбекке баулу, ағылшын тілі, орыс тілі (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін), жаратылыс тану және 7-сынып оқулықтары мен
8-сыныпқа Қазақстан тарихы, география,
11-сыныпқа құқық негіздері,
10-11-сыныптарға алғашқы әскери дайындық оқулықтары дер кезінде жеткізіліп, шәкірттердің сапалы білім алуына барынша мүмкіндік жасалуда.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post
Жаны жомарт, мейірімді жандар балаларды қуантты

Жаны жомарт, мейірімді жандар балаларды қуантты

Кітап жаршысы

Кітап жаршысы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті