tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Конституция күні мерекесі құтты болсын!

30 августа, 2025
0

Құрметті Төлеби ауданының тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке.

Жаңа мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған Негізгі заңымыздың қабылданғанына биыл 30 жыл толып отыр.

Халықтың өзі дауыс беріп, қабылдаған Ата заңымыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалармен толық қамтылды. Конституция бірлігіміздің мызғымастығын, мемлекеттік құрылыс пен еліміздің тұтастығын бекітіп берді.

Әрбір азаматтың өзін тең сезінуіне және құқықтарын сақтауына берік негіз болды. Жасампаз жаңа дәуірге кең жол ашты. Еліміздің жеткен жетістігі мен алған белесі осы тұғырлы Конституцияның арқасында мүмкін болды.

Ата заңымызға деген ерекше құрмет біздің сеніміміз бен күшіміздің қайнар көзі болып табылады. Бірлігі жарасқан қазақ елі аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасыған күшті мемлекетке айналды. Конституцияда атап көрсетілген мемлекеттік басқару жүйесі негізгі реформаларды жедел қарқынмен жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Бүгін біз тарихи таңдауымыздың жемісін көріп отырмыз. Біз тәуелсіз, еркін, гүлденген елде өмір сүрудеміз. Өзге аймақтармен қатар біздің Төлеби ауданы да тұрақты даму үстінде, тұрғындардың тұрмыс жағдайы жақсарып, жыл сайын әлеуметтік бағдарламаларға – денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет пен спорт салаларына бөлінетін қаржы көлемі ұлғайып келеді. Ұлтаралық татулығымыз нығая түсті. Осы жетістіктеріміздің барлығының негізгі діңгегі Ата Заңымызда жатыр.

Баршаңызды осы айтулы мерекемен құттықтап, зор денсаулық, бейбіт өмір, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ, бақ-береке тілеймін!

Е.Әлімқұлов,
Төлеби ауданының әкімі.

ShareTweetPin
Next Post
Жаңа оқу жылына – жаңа мектеп

Жаңа оқу жылына – жаңа мектеп

Оқулықтармен толық қамтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті