Жаңа оқу жылы есік қағып тұрғанда Ленгір қаласындағы аудандық «Нұр» мешітінде қайырымдылық іс-шарасы өтті. Бұл күні «Ешенқұлов Қуаныш» жеке қорының демеушілігімен дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы жалғасын тапты.
«Жаңа оқу жылына дайынбыз!» тақырыбындағы басқосуда ауданның бас имамы Үсен Сәуірбаев балаларға демеушілік жасаған қор басшылығына ризалық сезімін білдіріп, жомарт жандардың ата-бабаларының, дәметкен барша мұсылманның әруақтарына арнап құран бағыштады.
«Ешенқұлов Қуаныш» жеке қоры бұл күні күнкөріс жағдайы төмен 200-ден астам отбасы балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар тарту етіп, көңілдерін бір серпілтіп тастады.
«Өмірдің бір қызығы бала деген…», – деп Абай атамыз айтқандай арамызда қамқор жандар барда, балалардың езуіне күлкі үйіріле берері сөзсіз.
«Төлеби-ақпарат».



