tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Туған жер – тұнған тарих

Жаныс бабаға ас беріліп, әруағына құран бағышталды

29 августа, 2025
0
Жаныс бабаға ас беріліп, әруағына құран бағышталды

Дулат тайпасының төрт атасының бірі, атақты биі, кемеңгер шешені, ерекше тұлға болған, VIII ғасырда өмір сүрген, соңынан өскен-өнген рулық ұрпақ өрбіген Жаныс баба рухына және барша дәметкен әруақтарға арнап «Жаныс баба» республикалық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Сайрам ауданының Қарамұрт елді мекеніндегі Жаныс баба кесенесінде Жанту – Жайылмыс – Өтебай бабадан тарайтын Қуандық атаның ұрпақтары Бәйдібек биден өрбитін Сарыүйсін, Шапырашты, Ошақты, Ысты, Албан, Суан, Дулат – Сиқым, Жаныс, Ботпай, Шымыр бабалар ұрпақтары қарияларының төрағаларынан құрылған «Бәйдібек қаған» қоғамдық қорының құрылтайшыларын, «Қаз дауысты Қазыбек би», «Сейітқұл әулие», «Әйтеке би» қоғамдық қорларының төрағаларын, ел ақсақалдары мен азаматтарын, ағайындарды жылына үш рет өткізілетін дәстүрлі бас қосуға шақырып, «Алланың ризалығы үшін» асын өткізді.

Ас алдында есімі елге белгілі азаматтар ұлт, ұрпақ тәрбиесі, салтымызды, дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды сақтау, жандандыру, ағайындар сыйластығы, қазақтың ынтымағы мен бірлігін нығайту жөнінде келелі әңгімелер қозғады.

Жамбыл облысының аудандарынан, Тараз, Алматы қалаларынан, Өзбекстан Республикасынан келген ағайындар астың, құранның ішінде болды. Келесі кіші асты Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы бауырлар өткізетіндігі белгіленіп, бата жасалды. Ас жоғары деңгейде, ұйымшылдықпен өтті.

Осы жиынды өткізуге белсене ат салысқан Өтебай бабаның ұлы Қуандық атадан тарайтын азаматтарға, оларға бас болып жүрген Данияр Айтбаевқа көпшілік қауым ризалығын білдірді.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post
Бала қуанышы – бәрінен қымбат

Бала қуанышы – бәрінен қымбат

Аудан  ұстаздары  тамыз кеңесінде  бас  қосты

Аудан ұстаздары тамыз кеңесінде бас қосты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті