tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Ұлы тұлғалардың мерейтойына орай

Ұлы тұлғаға құрмет көрсетілді

15 августа, 2025
0
Ұлы тұлғаға құрмет көрсетілді

Үстіміздегі жылы ұлы ақын әрі ойшыл, қазақтың дана перзенті Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуын бүкіл елімізде, қала берді шетелдерде түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырып атап өтуде. Сахнада Абай әндері шырқалып, драмалық қойылымдар көрермен назарына ұсынылуда, телеараларда көркем фильмдер көрсетілуде. Өз халқына, бүкіл адаматқа ортаймас рухани құндылықтар қалдырған ұлы тұлғаға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.

Ленгір қаласындағы Абай аллеясында ұлы ақын, ағартушы және ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай мерекелік шара ұйымдастырылды.

Көпшілік бас қосқан салтанатты басқосуда аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев сөз сөйлеп ұлы Абайдың өмір жолы ұрпақтарға үлгі-өнеге болып, рухани қазынасы халыққа мәңгілікке азық болатындығын айтты.

Мерекелік шарада бас қосқан аудан тұрғындары, жастар, мәдениет қызметкерлері мен қонақтар ұлы тұлғаның асыл мұрасын құрметтеп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты жиында ауданның түкпір-түкпірінен келген талантты жастар Абайдың өлеңдерін оқып, әндерін шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Өз өнерімен дараланған өнерпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай мұндай мерекелік шаралар аудан аумағында алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post

Әкім орынбасары қоғам белсенділерімен кеңесті

Ынтымақтың  жолына  асфальт  төселуде

Ынтымақтың жолына асфальт төселуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті