Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауыл көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары басталып кетті. Қазіргі күндері ұзындығы 850 метр Мереке және 825 метр Мерей, сондай-ақ 103 метр Жұлдыз көшелерін асфальттау қарқынды жүргізілуде.
Жол салу жұмыстарын аудандағы тәжірибелі мердігер мекеме – «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқаруда.
Ынтымақтағы жол құрылысы жұмысы барысымен танысып, оның сапалы атқарылуын қадағалау үшін аудандық мәслихатының төрағасы Нұрлан Қойбағаров арнайы барып мердгер мекеменің жұмысымен танысып қайтты.
Ауыл биі Кая Мамедов пен ауыл қариялары үнемі құрылыс басында болып, жұмыс сапасын жіті бақылауда. Ынтымақтықтар көптен бері күткеніндей көшелеріне асфальт төселгендігіне дән риза.
«Төлеби-ақпарат».




