tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Жағымды жаңалық

Тұрғындардың өтініші орындалды

8 августа, 2025
0
Тұрғындардың өтініші орындалды

Тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, инфрақұрылымды дамыту – жергілікті атқарушы органдардың басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта Ленгір қаласындағы тұрғындар көтерген өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Жақында «Самал» мөлтекауданындағы ішкі, шағын көшелердің бірі жөндеуден өтті.

Ленгірліктердің өтінішіне сәйкес, аталған көшеде «Жарық жол» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары тарапынан ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу барысында жол беті тегістеліп, асфальт төселіп, жүргіншілер мен көлік қозғалысы үшін ыңғайлы жағдай жасалды. Бұл жұмыстар қаланың абаттануы мен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан жүйелі істердің бір бөлігі ғана. Жергілікті билік тарапынан қала ішіндегі басқа да көшелер мен инфрақұрылымдық нысандар кезең-кезеңімен жаңартылып, жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жалғаса бермек. «Тұрғындардың көтерген мәселелеріне дер кезінде назар аударып, оларды шешуге нақты қадам жасау — әкімдік пен халық арасындағы сенімнің артуына негіз болады. Сондықтан алдағы уақытта да тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері ескеріліп, өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасын табады», – дейді қала әкімі М.Жұмабаев.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post

Зират басы тазаланды

ЖАҢА САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ЖАҢА САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті