«Жастар ресурстық орталығы» КММ психолог маманы тұрғын көп жиналатын дүкендерге барып, сатушылармен электрондық темекі (вейп) туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл шараның мақсаты – сатушылар мен сатып алушыларды вейптің зияны туралы хабардар етіп, заңды талаптарды сақтау қажеттігін еске салу.
Вейп құрамында глицерин, пропиленгликоль, түрлі хош иісті қоспалар және никотин сияқты зиянды заттар бар. Бұл заттар адамның тыныс алу жолдарына, өкпесіне және басқа да маңызды органдарына ауыр зиян келтіреді. Электрондық темекі тек денсаулыққа ғана емес, сонымен қатар жасөспірімдердің миы мен жүйке жүйесіне де кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан вейптің балалар мен жасөспірімдер арасында кең таралуы үлкен қауіп төндіреді.
Психолог маман сатушыларға зиянды өнімдерді сатудың заңдық жауапкершілігі мен жазалар туралы толық ақпарат берді. Вейп өнімдерін заңсыз сатқандарға айыппұл салынып, жауапқа тартылуы мүмкін екенін еске салды.
Түсіндіру жұмыстары аясында арнайы жарнама парақшалары дайындалып, сатып алушылардың назарына тез түсетін орындарға ілінді. Бұл шара – қоғамды электрондық темекінің зияндылығы туралы ақпараттандыру және жастарды темекіге әуестенуден сақтандыруға бағытталған маңызды қадам.
Денсаулық – ең басты байлық.
«Төлеби-ақпарат».



