tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістаннан Семейге – керуен

1 августа, 2025
0
Түркістаннан  Семейге  –  керуен

Абай облысында өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне орай Түркістан облысынан 540 тоннадан астам табиғи өнім тиелген керуен жолға шықты. Мақсат – 2-3 тамыз күндері Семей қаласында ұйымдастырылатын жәрмеңкеге қатысып, тұрғындарға нарықтағы бағадан төмен бағада сапалы азық-түлік ұсыну.

Керуен құрамында Түркістан өңірінің шаруалары мен қайта өңдеу кәсіпорындары өндірген тауарлар бар. Атап айтқанда, 194 тонна картоп, 81 тонна бақша өнімдері, 71 тонна жеміс-жидек, сондай-ақ 167 тонна сүт өнімдері, бал, қымыз, шұжық, балық, сусын, жұмыртқа сынды өңделген тағамдар бар.

Аталған шара ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орайластырылған және қос облыс арасындағы ынтымақтастық келісім аясында жүзеге асырылуда. Бұл – оңтүстік халқының шығысқа тартуы, ел бірлігі мен өңіраралық өзара байланыстың нақты көрінісі.

Жәрмеңкемен қатар «Түркістан облысының мәдени күндері» атты ауқымды бағдарлама ұйымдастырылады. Бұл мәдени іс-шара аясында Түркістанның өнер ұжымдары Семей халқын ұлттық дәстүр, әуен мен өнер арқылы баурап, мәдени көпір орнатпақ.

2-3 тамыз күндері Семей қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Түркістан облысының мәдени күндері өтеді. Ауқымды іс-шараның басты мақсаты – қос өңір арасындағы рухани байланысты тереңдету, өнер мен дәстүр арқылы бірлік пен бауырластықты дәріптеу.

Гала-концертте Түркістанның белгілі өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары дәстүрлі музыка, би және заманауи өнер түрлері көрермен назарына ұсынылады.

Бұл күндер – Абай рухына тағзым етіп, мәдени ықпалдастықты арттырумен қатар, қос өңір халқының достығын бекемдейтін рухани көпір болмақ.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post

Екі жасөспірім аман-есен табылды

Вейптің зиянын еске салды

Вейптің зиянын еске салды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті