Төлебиде үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Team Building» атты танымдық-тәжірибелік шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – Түркістан облысындағы ҮЕҰ өкілдері арасындағы әріптестік пен өзара байланыс деңгейін арттыру, командалық жұмыс дағдыларын дамыту және азаматтық қоғамның әлеуетін күшейту.
Шараға облыс көлеміндегі белсенді үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Бағдарлама барысында тәжірибелі спикерлер қатысушыларға арнайы шеберлік сағаттарын өткізіп, пайдалы кеңестер мен практикалық білімдер ұсынды.
Іс-шара төрт негізгі бағытта өтті: мастер-кластар, панелдік сессиялар, пікірталас алаңдары және топтық жаттығулар ұйымдастырылды.
Шара Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде «Жалын» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.
«Төлеби-ақпарат».



