tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Облыс әкімі – Төлебиде

25 июля, 2025
0

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Төлеби ауданына келіп, бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандардың жұмысымен танысты. Сапар барысында аудан активімен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді талқылады.

Жиын барысында облыс әкімі 2025 жылдың алғашқы алты айында аудан бойынша негізгі капиталға 20,3 млрд теңге инвестиция тартылғанымен, кейбір ауылдық округ әкімдері межеленген жоспарларды толық орындамағанын атап өтті. Осыған байланысты жауапты әкімдер мен сала жетекшілеріне жұмысты жандандыруды тапсырды.

– Ленгір қаласы қажетті инфрақұрылыммен толық қамтылған. Алайда соңғы жылдары қалада жаңа инвестициялық жобалар іске аспаған. Инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды ширату қажет, – деді облыс әкімі.

Облыс басшысы сонымен қатар, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңыздылығына тоқталып, бұл бастама уақытша науқан емес, жыл бойы жалғасатын тұрақты жұмыс екенін еске салды. Қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың күнделікті дағдысына айналуы тиіс екенін атап өтті.

Сөз соңында Нұралхан Көшеров ауданның өзіндік кіріс көлемін арттыру, ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті және туризм саласын дамыту бағытында нақты тапсырмалар берді.

Аудан әкімдігінде өткен мәжілісте аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов бірінші жартыжылдықтың қорытындысын баяндап, салалар бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, басқарма басшылары өз бағыттары бойынша жоспарлар мен орын алған кемшіліктерді атап өтіп, нақты міндеттер жүктелді.

2025 жылдың алғашқы 6 айында ауданның жалпы өңірлік өнім көлемі 70,8 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 39%-ға артты. Өңірлік өнім құрылымында өнеркәсіп саласының үлесі – 53,3%, ауыл шаруашылығы – 20,4%, сауда – 18,4% және құрылыс саласы – 7,9% болды.

Жан басына шаққандағы ішкі өнім көлемі 480 мың теңгеге жетіп, бұл көрсеткіш те 39%-ға өсім көрсетіп отыр. Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 37,7 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 107,9%-ды көрсетті. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 34 млрд теңге болса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,7%-ға артық.

Аудан экономикасын әртараптандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында жалпы құны 6,5 млрд теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл жобалар нәтижесінде 180 жаңа жұмыс орны ашылады.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post
300 тоннаға жуық өнім жинайды

300 тоннаға жуық өнім жинайды

Танымдық-тәжірибелік шара

Танымдық-тәжірибелік шара

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті