«Төлеби аудандық саябақтары» КММ-нің қызметкерлері аудан орталығындағы саябақтар мен скверлерде, аллеялар мен гүлзарларда күнделікті тазалық пен күтім жұмыстарын атқаруда. Олар гүлдерді уақтылы суарып, жаяу жүргіншілер жолдарын сыпырып, көшелер мен қоғамдық орындардағы қоқыстарды тазартып, қала көркін ажарландыруға өз үлестерін қосып келеді. Таң атқаннан күн батқанға дейін тыным таппай еңбек ететін бұл азаматтардың табанды еңбегі – құрмет пен алғысқа әбден лайық. Аудан орталығының таза, көрікті, жайлы болуына үлес қосып жүрген бұл жандардың қажырлы еңбегі көпке үлгі.
«Төлеби-ақпарат».


http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf