Аудандық мәдениет үйінде Халықаралық би күніне орай би үйірмелерінің шығармашылығына қолдау көрсету және би жанрын насихаттау, жас ұрпаққа би өнерін дәріптеп, көркемдік талғамы мен танымдық көзқарасын кеңейту мақсатында «Кел, билейік!» аудандық би байқауы өтті.
Байқауға алдын-ала іріктеуден өткен 14 би ұжымы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қазылар алқасының шешімімен төмендегі би ұжымдары жүлделі орындарға ие болды: бас жүлде – «Сырғалым» би тобы (Сарқырама ауылдық мәдениет үйі); І орын – «Айгөлек» би тобы (Көксәйек ауылдық мәдениет үйі); ІІ орын – Шерзат Кәусар (аудандық оқушылар үйі); ІІ орын – «Қазына» би тобы (аудандық оқушылар үйі); ІІІ орын – «Ақ кербез» би тобы (Зертас ауылдық мәдениет үйі); ІІІ орын – «Тұмар» би тобы (Қайнар ауылдық клубы).
«Төлеби-ақпарат».