«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл толқын» шеңберінде жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов бастаған мемлекеттік қызметшілер, еріктілер, жастар Сайрамсу өзені жағалауын күл-қоқыстан тазартты. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және аудан аумағын абаттандыру мақсатында өткен сенбілікке 300-ге жуық адам қатысты.
Игі шараға атсалысқандар 18 шақырым өзен жағалауын шыны, пластикалық бөтелкелерден, тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Тазалық шарасына 10 техника жұмылдырылып, 5 тонна қоқыс арнайы орынға жеткізілді.
Сондай-ақ аудан халқы тұрғылықты мекенжайларындағы балалар ойын алаңшалары, ішкі көшелер, саябақ, аллеяларда тазалық шарасын жүргізді. Еріктілер, жастар аудандағы су қорғау аймақтарын, өзен жағалауларын, жол жиектерін күл-қоқыстан арылтты. Бұдан бөлек аудандық, облыстық маңызы бар жол бойларына көшеттер отырғызылып, қураған талдар кесіліп, әктелді.
«Төлеби-ақпарат».