tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home 2025 – Жұмысшы мамандықтар жылы

Еңбектен тапқан бақытын

11 апреля, 2025
0
Еңбектен тапқан бақытын

«…Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз.
Адал және табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді…»

(Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауынан).

Бұрынғы өткен ата-бабаларымыз өмірден көргендері мен ойға түйгендерін қысқа да нұсқа тұрақты сөз тіркестеріне айналдырып, ұрпақтарына өсиет етіп қалдырып отырған. Мысалы «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілесің»… дегендей қанатты сөздерінің төркінінде терең мән мен мағына жатыр. Қазіргі заманның ата-аналары да ата салтымызды, дәстүрімізді ардақ тұтып, өз ұл-қыздарына үлгі-өнеге көрсетіп, өмірден дұрыс жол табуға тәрбиелесе, есейгенде бақытқа бөленіп өмір сүретіні анық.

Өмір көш бір сәтке де тоқтамай алға тарта береді. Күні кеше біздер де бала болдық, жас болдық, отбасын құрдық, еңбекке араластық дегендей, күнделікті күйбең тірліктің жетегінде жүріп, зейнеткерлік жасқа жеткенімізді аңғармай қалыппыз.

Ауыл тұрғындарының еңбектеген баласынан еңкіш тартқан қартына дейін бірін-бірі танитынын, етене жақын болып келетінін білесіздер. Кеңестік дәуірдегі біздің бала кезімізде ауылдағы жанқиярлық еңбегімен табысқа жеткен қарапайым еңбек адамдары – механизаторлар мен шопандар, сауыншылар үлкен құрметке ие болатын. Әлі есімде «Путь Ильича» (қазіргі «Бірлік» өндірістік кооперативі) колхозының озат комбайншыларының бірі – Жолдас Әшімов деген ағамыз болатын. Ол кісі жазғы мал азығын жасақтау мен бидай орағы науқанында комбайн жүргізсе, өзге уақытта шаруашылықта тракторымен тыным алмай еңбек ететін.

Жолдас ағамыздың ұлы Данияр да бала кезінен еңбексүйгіш болып өсті. Техникаға тым құмар болатын. Орта мектепті бітірген соң көп ойланбай-ақ механизатор мамандығын таңдады. Механизаторлық курсты бітіріп, 1981 жылдан бастап «Путь Ильича» колхозының егістік алқаптарында трактор жүргізіп еңбек жолын бастады. Данияр еліміз егемендік алғаннан кейін ауыл шаруашылығы құрылымдары таратылып, жекешелендіру науқаны басталғаннан кейін де өзінің сүйікті мамандығынан қол үзбеді, «Бірлік» өндірістік кооперативінде еңбек жолын одан әрі жалғастырып, өзінен кейінгі жастарға үлгі-өнеге көрсетті. Жыл сайын күзгі және көктемгі дала жұмыстарына белсене қатысып, мал азығын жасақтау, егін орағы науқандарында ғана комбайн жүргізді.

Өткен жылы «Бірлік» өндірістік кооперативі мүшелері жаңа комбайн сатып алып, үлкен қуанышқа кенелді. Өндірістік кооператив төрағасы Әбдінұр Шайнеков ініміз бүкіл ұжым мүшелері алдында бұл су жаңа комбайнды Данияр ағасына табыстап, еңбекте табыстарға жете беруіне тілектестік білдірді.

Данияр техниканың тілін өте жақсы біледі. Өндірістік кооперативтің машина ауласындағы ауыл шаруашылығы техникаларының жөндеу жұмыстарына үнемі белсене атсалысады. Өзінен кейін техника тізгінін ұстаған механизаторлардың бәріне тәлімгерлік жасап, еңбексүйгіштікке баулыды десек, мұнымыз артық айтқандық болмас еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында елге еңбегі сіңген қарапайым еңбек адамдарына қандай да болса құрмет көрсетуге болатынын ерекше атап өтті. Мұндай құрметке Данияр бауырымыз сияқты қарапайым еңбек адамдары әбден лайықты деп ойлаймын.

Данияр Жолдасұлы зайыбы Нұрзия екеуі бес перзент тәрбиелеп өсіріп, балаларына өнегелі тәлім-тәрбие беріп ұясынан ұшырды, бәрі де еңбексүйгіш болып ержетіп, тек алға қарай талпынып, өмірден өз орындарын тапты. Бүгінде Данияр Әшімов құдай қосқан жары Нұрзия екеуі немерелерінің қызығына кенеліп, бақытқа бөленіп отыр.

Сұлтан ҚОНЫСБАЕВ,
«Бірлік» өндірістік кооперативі.

Тасарық ауылы.

ShareTweetPin
Next Post
Ауданда өткен дүбірлі көкпар

Ауданда өткен дүбірлі көкпар

Тәрбие саласында 40 жыл

Тәрбие саласында 40 жыл

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті