tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Ұлттық спорт

Ауданда өткен дүбірлі көкпар

11 апреля, 2025
0
Ауданда өткен дүбірлі көкпар

Екпінді ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай дүбірлі көкпар ойыны өтті.

Ұлттық спорт додасына Шардара ауданының тумасы, ұлттық спорттың жанашыры, жеке кәсіпкер Виктор Деревянко ұйытқы болып, демеушілік етті. Жарыстың жалпы жүлде қоры 4,5 млн теңгені құрады.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға еліміздің бірқатар өңірлері мен Германия, Ресей, Қытайдан келген қонақтар, сондай-ақ облыстың барлық аудан, қалаларынан атбегілер мен шабандоздар және ардагер спортшылар, ауыл ақсақалдары, БАҚ өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысты. Көкпардың басты ұйымдастырушысы Виктор Борисович өз сөзінде еліміздің тұтастығы мен бірлігін, татулығы мен тыныштығын өзіміздің күн сайынғы қажырлы еңбегімізбен қолдап, қорғап нығайта беру әрбір қазақстандықтың азаматтық міндеті екенін атап өтті.

Спорт сайысының қорытындысында тақымын қысып, көксеркені көтере білген үздік шабандоздар қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Келестік Ғалымжан Мырзабаев пен қазығұрттық Бәйдібек Сабыров үздік шығып, оларға 500 мың теңгеден жүлде табыс етілді. Басқа да шабандоздарға қомақты сыйлықтар берілді.

Білектілер мен жүректілердің басын қосқан дүбірлі дода соңында аузы дуалы қариялар жастарға бата беріп, елдің азаматы болуға шақырды, сондай-ақ еліміздің ырыс-несібесі молайып, халқымыздың береке-бірлігі арта берсін деген ізгі тілектерін жеткізді.

Көкпарда ас беріліп, киіз үйлер тігіліп, патриоттық әндер шырқалды.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post
Тәрбие саласында 40 жыл

Тәрбие саласында 40 жыл

Төлеби ауданындағы  сенбілік

Төлеби ауданындағы сенбілік

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті