tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

30 октября, 2026
0

«Өмір жолы — өнеге, еңбегі — елге мұра»

Керегетас шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде «Өмір жолы — өнеге, еңбегі — елге мұра» тақырыбында тағылымды дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға 8–9-сынып оқушылары мен мектеп ұстаздары қатысып, ұзақ жылдар білім беру саласында еңбек еткен зейнеткер ұстаз, кітапханашы Исмаилова Ақжарқын Әлімбекқызы арнайы шақырылды.
Кездесу барысында ардагер ұстаздың еңбек жолы, ұстаздық қызметі, кітапханашы болған жылдары мен шәкірттерге қалдырған өнегесі туралы сыр шертілді. Қонақтың өмір жолына арналған слайдтар көрсетіліп, бейнеролик ұсынылды. Оқушылар үлкен қызығушылықпен тамашалап, өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Шараның тәрбиелік мәнін арттыру мақсатында мектептің әлеуметтік педагогы арнайы тренинг өткізіп, ұстаздық еңбектің қадірі, үлкенді сыйлау, ізеттілік пен адамгершілік құндылықтары жөнінде оқушылармен қызықты жұмыстар жүргізді.

ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, мектептің тәрбие жоспарына сәйкес Ұстаздар күніне орай «Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» тақырыбында тағылымды әрі мазмұнды мерекелік іс-шара кең көлемде ұйымдастырылды.

Ұстаз – білімнің шамшырағы, ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, жүрекке ізгіліктің дәнін себетін аяулы маман. Ұстаз еңбегіне құрмет көрсету – оның маңдай терін бағалау, еңбегін елеп, мәртебесін биіктету – әр буынның парызы.
Мерекелік шараны мектеп ұйымдастырушысы Н.Абдраимова мен мектеп президенті, өзін-өзі басқару ұйымының белсенді мүшелері бірлесе ұйымдастырып, ұстаздарға деген ыстық ықыластарын ерекше форматта жеткізді. Оқушылардың жүрекжарды құттықтаулары, мерекелік әндері мен ізгі тілектері ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шара барысында ұстаз еңбегін дәріптейтін бейнеролик көрсетіліп, мектеп өміріндегі ұстаз бен шәкірт арасындағы сабақтастық, сыйластық пен өнегелі қарым-қатынас кеңінен насихатталды.
Мерекелік басқосуға ата-аналар да белсене қатысып, ұстаздарға жүрекжарды алғыстары мен ақжолтай тілектерін білдірді. Сонымен қатар, 1993 жылы мектеп бітірген түлектер ұстаздарға құрмет көрсетіп, демеушілік танытып, мерекелік шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты. Бұл – мектеп пен түлек арасындағы алтын арқаудың, ұстазға деген шынайы ризашылықтың жарқын көрінісі.
Шара соңында ұстаздарға марапаттар, сый-сияпаттар мен естелік тартулар табысталып, еңбегі еленген ұлағатты жандарға ерекше құрмет көрсетілді. Әрбір ұстазға айтылған жылы лебіз бен ізгі тілек мерекенің маңызын арттыра түсті.
Ұстазға тағзым – білімге тағзым.
Ұстазды құрметтеу – ұрпақты құрметтеу.
Ұстаз еңбегін бағалау – ел болашағына жасалған тағылымды қадам!
Барша ұстаздарға «Еңбектеріңіз жемісті, абыройларыңыз асқақ болып, шәкірттеріңіз биіктен көріне берсін!» деген ізгі тілегімді білдіремін.

Н.АБДРАИМОВА,
Керегетас шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінің педагог ұйымдастырушысы.

Суреті бар

ShareTweetPin
Next Post

Заманауи оқыту әдістері талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті