tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Заманауи оқыту әдістері талқыланды

30 октября, 2026
0

Ленгірдегі №2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектепте «Есептен шешімге: химия және биологиядағы есеп шығару дағдылары» тақырыбында аймақтық оқыту семинары өтті. Іс-шараға қала мектептері мен келешек мектептердің химия және биология пәндері мұғалімдері қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқушылардың есеп шығару қабілетін жетілдіру, логикалық ойлауын дамыту және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру болды. Сонымен қатар пәндерді оқытуда заманауи технологиялар мен тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына назар аударылды.
Іс-шара барысында мұғалімдер ашық сабақтар өткізіп, зертханалық-практикалық жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ STEM технологияларын, PASCO цифрлық датчиктерін қолдану мүмкіндіктері таныстырылып, танымдық және зияткерлік квесттер арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мәселелері қарастырылды.
Семинар педагогтерге өзара тәжірибе алмасып, білім беру үдерісіндегі жаңашыл әдістерді талқылауға мүмкіндік берді. Әсіресе теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру, күрделі есептерді шешу жолдарын меңгерту және оқушылардың өздігінен іздену қабілетін дамыту мәселелері маңызды бағыттардың бірі болды.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мұндай оқыту семинарларын алдағы уақытта әр аймақтағы бірнеше мектепте өткізу жоспарланып отыр. Бұл бастама педагогтердің кәсіби байланысын нығайтып, озық тәжірибелерді таратуға және білім беру сапасын арттыруға ықпал етпек.
Тәжірибе алмасу – кәсіби дамудың маңызды тетігі. Ал сапалы білім беру – ұстаздардың үздіксіз ізденісі мен ортақ еңбегінің нәтижесі.

ShareTweetPin

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті