tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түлек жетістігі – мектеп мақтанышы!

2 октября, 2026
0

Мектеп қабырғасында білім алған шәкірттің кейін ел намысын қорғаған азаматқа айналуы – ұстаздар қауымы үшін зор мәртебе.

Мамандық таңдау – әрбір жас адамның болашағын айқындайтын маңызды қадам. Ал өз қызығушылығын қабілетімен ұштастырып, таңдаған саласында биік жетістікке жету – үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі. Бүгінде Б.Биболатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің түлегі Өткелбай Дарынның спорттағы жетістігі жас ұрпаққа осындай жарқын үлгі болып отыр.

Қырғыз елінде өткен VI Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында ұлттық спорттың аударыспақ түрінен ел намысын қорғаған Өткелбай Дарын 90 келі салмақта сынға түсіп, алтын жүлдені иеленді. Тартысты бәсекеде шеберлігі мен қайсарлығын танытып, шешуші белдесуде қарсыласынан басым түсті.

Бұл – Дарынның Көшпенділер ойындарындағы екінші жеңісі. Бір жарыста жеңіске жету – үлкен жетістік болса, сол нәтижені қайталап, биіктен көріну тұрақты еңбек пен кәсіби шеберліктің көрсеткіші.

Спорт – жетістік қана емес, кәсіби таңдау.

Бүгінгі таңда кәсіби бағдар беру жұмысында оқушыға тек мамандықтардың атауын таныстыру жеткіліксіз. Ең бастысы – баланың қабілетін ерте байқап, қызығушылығын қолдап, оны болашақ кәсібімен байланыстыра білу.

Өткелбай Дарынның жетістігі осы тұрғыдан алғанда мектеп оқушылары үшін ерекше тәрбиелік және кәсіби бағдарлық мәнге ие. Оның жеңісі: «Өзің сүйетін істі мамандықпен ұштастырып, табандылық танытсаң, үлкен нәтижеге жетуге болады» деген ойды жас ұрпаққа нақты іспен көрсетті.

Ұлттық спорт ұлттық құндылықты дәріптесе, аударыспақ – халқымыздың тарихымен, тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан ұлттық спорт түрі. Сондықтан ұлттық спортпен кәсіби түрде айналысу – тек жеке жетістікке ұмтылу емес, ұлттық мұраны сақтау мен оны әлемге танытудың бір жолы.

Көшпенділер ойындарында қазақ елінің атынан сынға түскен спортшылар ұлттық спорттың халықаралық деңгейдегі беделін арттырып келеді. Осындай азаматтардың жетістігі арқылы жас буын ұлттық спортқа қызығып, болашақ кәсіби бағытын спорт саласымен байланыстыруға мүмкіндік алады.

Өткелбай Дарынның жетістігі бүгінгі оқушыға бірнеше маңызды құндылықты ұғындырады: алдына мақсат қою, таңдаған бағытына адал болу, үздіксіз еңбектену, ұлттық құндылықтарды құрметтеу және өз ісінің кәсіби маманы болуға ұмтылу.

Жеңістің жалғасы ретінде Өткелбай Дарынның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен жүздесіп, Президенттің қолынан өзіне тиесілі марапатын алуы – спортшының еңбегіне көрсетілген үлкен құрмет әрі алтын ұя – мектебі үшін зор мақтаныш.

Туған ауылға жеңіспен оралу – үлкен мәртебе. Дарынның бүгінгі жетістігі – ізденістің, еңбектің, табандылықтың жемісі.

«Көшпенділер» сайысында өзінің білімін, өнерін, ұлттық құндылықтарға деген құрметін көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріне білген Дарынға ауылымыз ақжарма тілегін білдіріп, ерекше құрметінің белгісі ретінде ат мінгізіп, тұлпар сыйлау рәсімін ұйымдастырды.

Келген қонақтар ауыл ақсақалдары, Түгелбай Данай қорының президенті Бақытхан Жүнісов, аудандық мәслихат депутаты Талғат Манкеев, Мұхитхан Үмбетұлы, Қасқасу ауылдық округінің әкімі Бекен Маткәрімов өз сөздерінде  бұл жеңіс – ауылымыздың тарихына жазылған тағы бір жарқын жетістік екенін айта келіп, Дарынның бүгінгі жеңісіне демеу болған ата-анасына, бағыт-бағдар берген ұстаздарына да ерекше алғыстарын жеткізді.

Бұл Дарынның жеңісіне көрсетілген құрмет қана емес, оның болашағына деген ауылымыздың сенімі мен ақ батасы еді.

 

Л.Алсейтова,

Б.Биболатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі директорының бейіндік жұмысы жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

ShareTweetPin
Next Post
Қарттар қамқорлықта

Қарттар қамқорлықта

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті