tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Қарттар қамқорлықта

2 октября, 2026
0
Қарттар қамқорлықта

Қарттар күніне орай Түркістан облысында аға буын өкілдеріне құрмет көрсетуге, олардың денсаулығын нығайтуға және әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған «Бір дәуірдің мөлдіреген жастары едік» атты облыстық апталық өтуде.

Апталық аясында қарттардың денсаулығына көңіл бөліп, медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында бірқатар іс-шара ұйымдастырылуда. Сонымен қатар шаралар арқылы ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, үлкенге құрмет көрсету дәстүрін дәріптеу көзделген.

Апталықтың алғашқы күні «Денсаулық керуені» акциясымен басталды. Осыған орай медициналық мамандардан құралған мобильді топ Төлеби ауданының Қаратөбе ауылдық округіне арнайы барып, аға буын өкілдеріне медициналық қызмет көрсетті.

Іс-шара барысында қарттардың денсаулығын бақылауға, қажетті медициналық кеңес беруге және аурулардың алдын алуға басымдық берілді. Ақ халатты абзал жандар тұрғындардың денсаулығына қатысты мәселелеріне назар аударып, тиісті ұсыныстарын айтты.

«Денсаулық керуені» секілді көшпелі медициналық шаралар ауылдық елді мекендердегі тұрғындарға қажетті қызметтерді жақындатуға мүмкіндік береді. Әсіресе, егде жастағы азаматтардың денсаулығын тұрақты бақылауда ұстау – маңызды міндеттердің бірі.

Облыстық апталық аясындағы мұндай игі бастамалар аға буынға деген құрметті арттырып қана қоймай, олардың қоғамдағы белсенділігін қолдауға да жол ашады.

 

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті