tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің тірегі

11 сентября, 2026
0
Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің тірегі
Қазақстан Республикасы Тілдер мерекесіне орай Төлеби ауданындағы білім беру ұйымдарында «Мемлекеттік тіл – ұлттық құндылық пен қоғамдық бірліктің негізі» атты онкүндік өтуде.
Тіл – ұлттың рухани қазынасы, мәдениеті мен тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін баға жетпес құндылық. Ана тілі арқылы халықтың дүниетанымы, салт-дәстүрі мен ұлттық болмысы қалыптасады. Сондықтан мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оның қоғамдағы мәртебесін арттыру – ел болашағы үшін атқарылатын маңызды міндеттердің бірі.
Қазақстан – түрлі этнос өкілдері татулық пен өзара түсіністік жағдайында өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Осындай қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қалыптастыруда тіл мәдениетінің орны ерекше. Мемлекеттік тілді құрметтеу – елді, оның тарихы мен құндылықтарын қадірлеудің бір көрінісі болса, еліміздегі барлық тілдерге құрметпен қарау – өзара сыйластық пен бірліктің негізі.
Онкүндіктің басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерумен қатар, білім алушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, тілдік құзыреттілігін дамыту, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды дәріптеу. Сонымен бірге әртүрлі тілдер мен мәдениеттерге құрметпен қарау арқылы жас ұрпақтың бойына қоғамдық келісім мен азаматтық жауапкершілік қасиеттерін сіңіру көзделеді.
Осы бағытта ауданның білім беру ұйымдарында мәдени-танымдық, шығармашылық және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған түрлі байқаулар, кездесулер, танымдық сағаттар мен шығармашылық жұмыстар өткізіліп, тілдің адам өмірі мен қоғамдағы маңызы кеңінен насихатталуда.
Мемлекеттік тіл – барша қазақстандықтарды біріктіретін ортақ құндылық. Оны дамыту мен дәріптеу – тек тіл мамандарының немесе білім саласы қызметкерлерінің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Ал тілге құрмет пен өзара түсіністік орныққан орта – қоғамдық бірлік пен ел тұрақтылығының берік негізі.
«Төлеби-ақпарат».
ShareTweetPin
Next Post

Төлебилік үш палуан – Көшпенділер ойындарының чемпионы!

Президент Көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады

Президент Көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті