tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Мейірім мен қамқорлықтың жарқын үлгісі

4 сентября, 2026
0
Мейірім мен қамқорлықтың жарқын үлгісі

Төлеби ауданында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Мектепке жол» акциясы аясында «Жаңа оқу жылына – жаңа жабдықтар» атты қайырымдылық шарасы өтті. Игі бастама әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына көмек көрсетіп, жаңа оқу жылын алаңсыз бастауына жағдай жасауға бағытталды.

Аудан орталығындағы «Нұр» мешітінде ұйымдастырылған шараға «Ешенқұлұлы Қуаныш» жеке қорының өкілдері мен еркін күрестен әлем чемпионы Ағабек Бағдаулет Әлімжанұлы арнайы қатысты. Қайырымдылық шарасы ата-баба рухына Құран бағыштаудан бастау алды.

Шара барысында ауданның бас имамы Үсен Саурбаев игі іске демеушілік танытып, көпшілікке қолдау көрсеткен «Ешенқұлұлы Қуаныш» жеке қорының басшылығына алғысын білдірді. Ол қайырымдылықтың қоғамдағы өзара көмек пен жанашырлықты нығайтудағы маңызына тоқталды.

Игі шараның басты мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен және жалғызбасты отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына қажетті құралдармен қамтамасыз ету. Осы мақсатта орталық «Нұр» мешіті мен ауылдық мешіттерге тіркелген 200 отбасының баласына мектепке қажетті оқу құралдары салынған жаңа мектеп сөмкелері табысталды. Оның ішінде 100 ұл бала мен 100 қыз бала қамтылды.

Балаларға жасалған мұндай қолдау – олардың білім алуға деген ынтасын арттырып қана қоймай, ата-аналарға да үлкен демеу. Қайырымдылық – қоғамдағы адамгершілік пен мейірімділіктің көрінісі. Осындай игі бастамалардың жүзеге асуы ел азаматтарының әлеуметтік жауапкершілігі мен жанашырлығының артып келе жатқанын аңғартады.

«Мектепке жол» акциясы аясындағы «Жаңа оқу жылына – жаңа жабдықтар» шарасы да көпке үлгі боларлық ізгі істің бірі болды. Баланың болашағына жасалған әрбір қолдау – елдің ертеңіне жасалған инвестиция.

 

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post

Баланы әлеуметтік желідегі қауіптен сақтайық

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті