tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Баланы әлеуметтік желідегі қауіптен сақтайық

4 сентября, 2026
0

Бүгінде интернет кеңістігі тарапынан төнетін қауіп әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Осыған байланысты мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ұлттық құрылтай отырысында: «Балалардың санасы мен дүниетанымы әлеуметтік желілер мен интернет арқылы қалыптасып жатыр. Сондықтан оларды зиянды, жат идеологиядан, агрессия мен жалған құндылықтардан қорғау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі», – деп атап өткен болатын. Осы мәселеге орай ол үкіметке нақты тапсырма қабылдауды тапсырды. Балаларға төнетін қауіп-қатерлерді ата-аналар бақылауына алуды, балалардың жас ерекшелігіне сай қауіпсіз ортаны қалыптастыруды қажет етеді. Психологтардың айтуынша, қазіргі кезде цифрлы әлеуметтену ерекше назар аударуды қажет етеді. Әлеуметтік желінің әсерінен үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты ұлттық құндылықтарымыз, еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттеріміз өзгеріп барады. Бұрын әлеуметтену отбасы, мектеп, аулада, балабақшада қалыптасса, қазір цифрлы жүйе арқылы іске асып отыр. Яғни балалар мен жасөспірімдер әр түрлі платформалар арқылы әлеуметтеніп жатыр деуге болады. Көпшілігінің дүниетанымы әлеуметтік платформалар арқылы қалыптасып, мінез-құлқына кері әсер етуде. Балаларға үйдегі ата-әже, мектептегі мұғалімнің берген тәрбиесінен гөрі оларға құрдастарының, әлеуметтік желі блогерлерінің пікірі құнды. Соған көбірек құлақ түріп, мән береді. Әлеуметтік желінің балалардың өміріне тигізген ықпалынан әлеуметтік желіге деген тәуелділік пайда болды. Ол шынайы өмірден алыстатады. Екіншіден, кибербуллинг-интернеттегі қорлау, мазақтау баланың психологиясына қысым жасайды. Оның ықпалындағы бала өзін бағалай алмайды. Күйзеліске ұшырайды. Сыни тұрғыдан ойлауы дұрыс болмағандықтан, ақпарат жетегінде кетіп, жалған құндылықтарды қабылдайды көпшілігінде мазасыздану, депрессиялық белгілер сияқты эмоционалдық қиындықтар пайда болады. Әсіресе жалғыздық сезімдері көп кездеседі. Ол ұзақ мазаласа, өз-өзіне қол жұмсауы да мүмкін. Ондай жағдайда қауіпті онлайн байланыстар, радикалды зиянды топтардың жетегінде кетуі мүмкін, – дейді психолог-ғалымдар.

Мұндай ситуациялық жағдайдан шығу үшін ересектер балалардың әлеуметтік желіні дұрыс пайдалана білуге бейімдеуі тиіс. Оны білім алуға, үйренуге, дамуға пайдалану маңызды. Мұнымен қоса, әлеуметтік желі арқылы жаһандану ұлттық құндылықтарға да кері әсерін тигізеді. Балалар әлеуметтік платформалар арқылы шетелдік мәдениеттен еркін таныса алады. Осыған байланысты отбасындағы тәрбиеге көңіл бөлу керек. Кейбір ата-аналар балаларын барынша еркін өсіреді. Балаға көп ұрысу «травмаға» соқтырады десе, кішкентай кезінде баланы бетімен жібереді, өзі біледі, өзі шешсін» дейді. Оның салдары ата-ана мен баланың ара қатынасына әсер етеді. Мұндай жағдайда балаға ең үлкен қауіп әлуметтік желінің өзі емес, оны бақылаусыз қалдыру болып табылады. Уақытының көбін ойын мен әлеуметтік желіде отыруға жұмсаған баланың құлшынысы, оқуға ынтасы төмендейді. Соның салдарынан уақытын тиімді пайдалана алмайды.

Қоғамда орын алған түйткілді мәселенің шешімін табу үшін баланы экран алдындағы уақытын шектеп, әлеуметтік желідегі қауіпсіздік ережелерді үйрету керек. Бос уақытын ерте жастан, яғни 3-4 жастан спортқа, кітап оқуға баулитын пайдалы істермен толықтыру маңызды. Ата-ана үйде күнделікті бақылап отырса, бала соған бейімделеді, күнделікті  режимі, дағдылы қалыптасады. Ата-ана мен бала арасындағы осындай қарым-қатынас бала болашағына зор ықпал етеді. Өкінішке орай, балаға ата-ана тарапынан бақылау бола бермейді.

Логопед –  психологтардың зерттеуінше, гаджетті шамадан тыс қолдану баланың оқу үлгеріміне, денсаулығына әсер етеді. Кей жағдайда сөйлеу тілі кеш шығады. Оқу үлгерімі төмен, психологиялық эмоциясын басқара алмайды. Балалар тәулігінің басым бөлігін теледидар, гаджетке қарап өткізетіндіктен, жанды ортамен байланыс болмағандықтан, осындай жағдайға тап болады. Баланың тағдырына бейжай қарамай, ата-аналар салалық ведомство бекіткен ережелерді басшылыққа алуы керек.

Мысалы, балаға 3 жасқа дейін гаджетті мүлде беруге болмайды, ал 4-5 жаста – 15 минут, 6 жаста – 20 минут, 7-9 жаста – 30 минут, 10-12 жаста – 40 минут, 13-14 жаста – 50 минуттан аспауы қажет. Ал сабаққа дайындалу кезінде мониторды ұзақ пайдаланғанда, 10 минуттік үзіліс жасау қажет.

Даму іргетасы қалыптаспаған бала кейіннен оқуда, дамуда қиналады. Ми жұмысының дамуына кері әсер етіп, балада ұйқысыздық, агрессия, шамадан тыс салмақ қосу, эмоциясын басқара алмау сияқты жағдайға тап болуы мүмкін.

К.ЕЛІКБАЕВ.

ShareTweetPin

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті