Аудандық аурухананың ота бөлімінің хирургі Жалабаев Мақсат Оспанұлы (суретте оң жақтан үшінші) Ресей Федерациясының Қазан қаласында профессор И.В.Федоров атындағы «Талар» оқу орталығында «Эндоскопиялық хирургия» циклы бойынша біліктілігін арттырып қайтты.
Оқу курсында Қазан қаласындағы №18 қалалық аурухананың хирургия бөлімінде, республикалық клиникалық онкологиялық диспансерде, Қазан республикалық травматологиялық аурухана базаларында аталған ауруханалардың тәжірибелі дәрігерлерімен өт жолдарының таспен бітелуі кезінде эндоскопиялық жолмен ота жасау, шап жарықтарының, диафрагмальді жарықтардың эндоскопия бойынша пластикасы, бүйрек өсінділерін эндоскопиялық жолмен алу, өңеш ахалазиясының эндоскопиялық емі, асқазанның кіші және орта көлемдегі ісіктерінің эндоскопиялық жолмен резекциясы, кеуде клеткасының жарақаттары кезінде торакоскопиялық оталары, бүйрек қатерлі ісігі кезінде эндоскопиялық жолмен ота жасау бойынша тәжірибе алмасты.
«Төлеби-ақпарат».




