tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Ата-аналармен ақылдасу сағаты

13 ноября, 2026
0

Төлеби аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектепте аймақтық «Ата-аналармен ақылдасу сағаты» өтті. Ашық форматта ұйымдастырылған кездесуге Жаңажол, Ынтымақ, С. Темірбеков, Ы. Алтынсарин, Тағайна және Бірінші Мамыр мектептерінің ата-аналары қатысты.
Жүздесу барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева ата-аналармен еркін пікір алмасып, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді ортаға салды. Ол отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, жас ұрпақтың тәрбиесіне бірлесе көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша ой бөлісті.
Кездесуде полиция бөлімінің маманы Сұлтан Бердалин кәмелетке толмағандар арасында кездесетін құқықбұзушылықтар мен келеңсіз жағдайларға тоқталды. Жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және ата-аналардың бала алдындағы жауапкершілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ал аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Мейраш Аяшова мен Асель Дарганова білім беру ұйымдарында тәрбие бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен енгізілген өзгерістер туралы баяндады. Олар тәрбие үдерісінде ата-аналармен тығыз байланыс орнатудың, ортақ мақсат жолында бірлесе әрекет етудің маңыздылығына назар аударды.
Басқосуда ата-аналар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, мамандармен пікір алмасты. Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – мектеп пен отбасы арасындағы өзара сенімді нығайту, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыру және жасөспірімдердің қауіпсіз ортада саналы азамат болып қалыптасуына ықпал ету.
Расында да, бала тәрбиесі тек отбасының немесе мектептің ғана міндеті емес, бұл – тұтас қоғамға ортақ жауапкершілік. Сондықтан осындай ашық пікір алмасу алаңдары өзекті мәселелерді бірлесе шешуге және ұрпақ тәрбиесіндегі сабақтастықты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті