tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Бәрекелді!

Өнегелі отбасы – облыс жеңімпазы

9 октября, 2026
0
Өнегелі отбасы – облыс жеңімпазы

Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі, ұлттық құндылықтардың негізі. Берекелі шаңырақтағы өзара сыйластық пен татулық ұрпақ тәрбиесіне тікелей әсер етеді. Отбасы күніне орай Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Отбасы – ұлттың тірегі» атты облыстық байқау өтті.
Отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұлттық салт-дәстүрді насихаттаған байқауға облыстың әр өңірінен өнерлі әрі өнегелі отбасылар қатысты. Шараның ашылуында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов және «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін уақытша атқарушы Халима Жантөреева сөз сөйлеп, қатысушы отбасыларға сәттілік тіледі.
Байқау барысында отбасылар өз әулетінің тарихын, шаңырақтағы қалыптасқан дәстүрі мен отбасылық ұстанымдарын таныстырып, өнерлері мен шеберліктерін ортаға салды. Қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсті.
«Отбасым – мақтанышым» кезеңінде әулет тарихы мен отбасы құндылықтары таныстырылса, «Ата-баба дәстүрі – тәрбиенің бастауы» кезеңінде ұлттық салт-дәстүрлерден көрініс көрсетіліп, қолөнер бұйымдары ұсынылды. Ал «Ас мәзірі» кезеңінде қатысушылар ұлттық тағамдар мен күзгі өнімдерден әзірленген тағам түрлерін таныстырды.
Байқаудың әр кезеңінде отбасылар өздерінің ұйымшылдығы мен шығармашылық қабілетін, ұлттық салт-дәстүрге деген құрметін көрсетті. Берекелі шаңырақтағы өзара сыйластық пен бірлікті дәріптеу де байқаудың мазмұнын аша түсті.
Сайыс қорытындысында бас жүлде жерлестеріміз Кендірбаевтар отбасына бұйырды. Осылайша ауданымыздың атынан қатысқан өнегелі отбасы облыстық деңгейдегі байқауда топ жарып, жеңімпаз атанды.
Кендірбаевтар отбасының бұл жетістігі – шаңырақтағы татулық пен бірліктің, ұлттық құндылықтарға деген құрметтің жарқын көрінісі. Облыс төрінде аудан намысын абыроймен қорғаған отбасының жеңісі – баршаға ортақ қуаныш.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті