tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Жаныңда жүр жақсы адам

«Ауыл» партиясы тағы бір отбасын қуантты

21 ноября, 2025
0
«Ауыл» партиясы тағы бір отбасын қуантты

Қазақта: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөз бар. Қолдан келсе бір-бірімізге жақсылық жасағанымызға не жетсін, шіркін! «Ауыл» партиясының Төлеби ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы Жасар Нысанбаев әңгіме арасында: «Өзім бас болып «Ауыл» партиясынан аудандық мәслихатқа сайланған депуттардың басын қосып, ауыл аралап, аудан тұрғындарының хал-жағдайын біліп тұрамыз. Тұрмыстық жағдайы нашарлау, көп балалы аналарға қолдан келсе көмек қолын созамыз. Биыл жаз айында Көксәйек ауылдық округінің 8 Март ауылында болғанымда өмірге он бір перзент әкелген көп балалы ана барын есітіп, шаңырағында болдым. Үйінің әбден тозығы жеткен, ері көз жанарынан айырылған бірінші топтағы мүгедек екен. Қаржы ұйымынан бір жарым миллион теңге несие алып жөндеу жұмысын бастаған екен, алған ақшасы қажетті құрылыс материалдарын алуға да жетпей тығырыққа тіреліпті.

Отбасындағы жағдайды өз көзіммен көріп білген соң шілде айында «Ауыл» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты, жеке кәсіпкер Төрегелді Қалмұратовпен хабарласып, көп балалы отбасының бастан өткеріп отырған қиындықтарын жеткіздім. Төкең: «Мені күт, өзім хабар беремін ол отбасының жағдайын өз көзіммен көріп қайтайын», – деді бір ауыз сөзге келмей. Не керек Төкеңмен бірге әлгі үйге ғана емес, осы ауылдық округтегі бірнеше көпбалалы отбасылардың шаңырағында болып, тұрмыс-тіршілігімен таныстық. «Тағы да хабар өзімнен болады, құрылысшы жігіттерді ертіп келемін, сметасын жасасын, жөндеу жұмыстарына қажетті құрылыс материалдарын алсын», – деді Төкең бізбен қоштасарда. Не керек қыркүйек айының алғашқы күндерінде 8 Март ауылының тұрғыны көпбалалы отбасы Бақтыбаевтың үйіне күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Үлкен үйдің және оған қарсы шағын үйдің шатыры түгел ауыстырылып, кіреберіске жаңадан темір қақпа қойылып дегендей күрделі жөндеу жұмыстары қызу қарқынмен жүргізілді. Есік-терезелерінің бәрі жаңаланды, ішкі бөлмелер бүгінгі заман талабына сай дизайнмен өрнектелді, едендері түгелімен алмастырылып, жылыту жүйелері жаңаланды. Тіпті жуынып-шайынатын бөлме де барлық қажеттіліктермен жабдықталды. Балалар бөлмесіне дейін су жаңа, әрі сапалы жиһаздар қойылды.

Өткен сейсенбі күні аудандық мәдениет үйінде «Ауыл» партиясының 25 жылдық мерей тойын атап өтер алдында Түркістан облыстық мәслихатының депуттары, «Ауыл» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Т.Қалмұратов, филиалдың аппарат басшысы Н.Әжіметов, «Ауыл» партиясының Төлеби ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы Ж.Нысанбаев, осы партиядан сайланған аудандық мәслихат депутаттары С.Үкібаев, Б.Рысбаев, аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев және басқа да азаматтар 8 Март ауылындағы Бақтыбаев отбасында болып қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін білдірді.

Шаңырақ иесі Дарқан Бақтыбаев ел қамын ойлаған «Ауыл» партиясының мүшелеріне, тікелей көмек қолын созған Төрегелдіге «Бізге жасаған жақсылығыңыз, Алладан қайтсын, перзенттеріңіздің қызығын көріңіз…!», – деп ризалығын білдіріп, алғысын айтты. Осы қуаныштың ортасында болғанымда Дарқан інімді әңгімеге тарттым.

– Мен көп жыл бойы С.Сейфуллин атындағы колхозда механизатор болып еңбек еттім. Жер жыртып, егін салдым, мал азығын дайындадық. Трактордың барлық түрін, тіпті қуатты К-700-де жүргіздім. Кейіннен денсаулығыма байланысты еңбекке жарамсыз болғандықтан барлық тірліктен, үй шаруасынан қол үзіп, үйде отыруға тура келді. Зайыбым Кәмила Төлібаева үй шаруасымен шұғылданады. Барлығы 13 құрсақ көтерген еді, екеуі сәби кезінде шетінеді. Қолдағы 11 перзентіміздің алды 22 жасқа келді, ұлымыз үйленіп, немере сүйіп отырмыз. Олар Шымкентте пәтер жалдап тұрады, – дейді Дарқан.

Иә, осыдан бірнеше ай бұрын ғана әбден тозығы жеткен үй «Ауыл» партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Төрегелді Қалмұратовтың ел қамын ойлап, нағыз азаматтық танытумен адам танымастай болып өзгеріп «су жаңа» болып шыға келді. Ғимараттың іші-сырты түгел евро жөндеуден өткізіліп, есік алдына дейін жаңа плиталар төселді. Мектеп жасындағы балаларына да барша жағдай жасалынды.

– Көп балалы ана Кәмила «үйімізге енді тоңазытқыш қана жетіспей тұр», деп жатқанын құлағымыз шалып қалған еді, оның да ретін келтіретін болдық. Аудандық мәслихатқа «Ауыл» партиясынан сайланған депутаттар бірер күнде тоңазытқыш сатып алып жеткізетін болды», – дейді партияның аудандық ұйымының жетекшісі Жасар Нысанбаев бауырымыз.

Қазақтың Төрегелді сияқты елдің, ауылдағы ағайындардың қамын ойлаған нағыз жомарт жүректі азаматтары барда, еліміздің еңсесі ешқашан түспейтіндігін өз көзімізбен көріп қайттық.

О.ҮСІПБАЙҰЛЫ.

Көксәйек ауылдық округі.

ShareTweetPin
Next Post
Нұрбол Аманжолов – мемлекеттік награда иегері

Нұрбол Аманжолов – мемлекеттік награда иегері

Төлебидегі туристік жобалар инвесторлар назарында

Төлебидегі туристік жобалар инвесторлар назарында

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті